Жымпиты ауылы № 33- 5 24 желтоқсан 2015 ж.
Аудандық мәслихат аппаратының
құрылымы және оның 2016-2018
жылдарға арналған қаржыландыру
жоспары туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабының 4 тармағына сәйкес Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихат аппаратының құрылымы және оның 2016-2018 жылдарға арналған қаржыландыру жоспары қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енсін.
3. Сырым аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №25-4 «Аудандық мәслихат аппаратының құрылымы және оның 2015-2017 жылдарға арналған қаржыландыру жоспары туралы» шешімі жойылды деп танылсын.
Сессияс төрағасы Х.Мусагалиев
Мәслихат хатшысы А.Галимов