Жымпиты ауылы                                № 33-2                              24 желтоқсан 2015 ж

 

2016-2018 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2016 жылға келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер -3 445 164 мың теңге:
салықтық түсімдер -286 715 мың теңге;
салықтық емес түсімдер -2 500 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер -720 мың теңге;
трансферттер түсімі -3 155 229 мың теңге;
2) шығындар -3 445 164мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу -31 316 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 44 541 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 13 225 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо -0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу -0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -31 316 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) -31 316 мың теңге;
қарыздар түсімі - 44 541 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 13225 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0теңге.
2.2016 жылға арналған  аудандық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына, Батыс-Қазакстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14желтоксандағы№29-2 «2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімінежәне осы шешімнің 4тармағына сәйкес қалыптастырылады. 
3. 2016 жылға арналған аудандық бюджетке бөлінетін нысаналы республикалық, облыстық трансферттердің және кредиттердің жалпы сомасы 1 091 226 мың теңге көлемінде қарастырылсын: 
1) республикалық бюджет трансферттер сомасы -626 595 мың теңге:
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға-11 390 мың теңге; 
азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің штат санын ұстауға - 1 627 мың теңге;
мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға - 103 мың теңге;
мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын көбейтуге -3 363 мың теңге;
жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделі бойынша еңбекақы төлеуге және олардың лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге -556 746 мың теңге;
мемлекеттік әкімшілік қызметшілер еңбек ақысының денгейін арттыруға-48 000 мың теңге;
агроөнеркәсіптік кешеннің жергілікті атқарушы органының бөлімшесін ұстауға -5 366 мың теңге.
2) облыстық бюджет трансферттер сомасы -420 090 мың теңге:
балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуге -14 300 мың теңге;
жетім балаларды және ата-аналарының қамқорынсыз қалған, отбасылық үлгідегі балалар үйлері мен асыраушы отбасыларындағы балаларды мемлекеттік қолдауға - 795 мың теңге;
білім беру ұйымдарында бейнебақылау жүйелерін орнатуға -1 600 мың теңге;
жалпы білім беретін мектептерге компьютерлер сатып алуға -12 192 мың теңге;
балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беруге -26 330 мың теңге;
Аралтөбе ауылының әлеуметтік нысандарын газдандыруға - 24 922 мың теңге;
Жамбыл ауылының әлеуметтік нысандарын газдандыруға - 15 534 мың теңге;
Қарақұдық ауылының әлеуметтік нысандарын газдандыруға -1 133 мың теңге;
Көздіқараауылының әлеуметтік нысандарын газдандыруға - 9250 мың теңге;
Қызылағаш ауылының әлеуметтікнысандарын газдандыруға - 10 678 мың теңге;
Тамды ауылының әлеуметтікнысандарын газдандыруға - 11 150 мың теңге;
Бұлдырты ауылының әлеуметтік нысандарын газдандыруға - 67138 мың теңге;
Көгеріс ауылының әлеуметтікнысандарын газдандыруға - 8 088 мың теңге;
Қоңыр ауылының әлеуметтікнысандарын газдандыруға - 25 439 мың теңге;
Бұлан ауылының әлеуметтікнысандарын газдандыруға -61 521 мың теңге;
Жымпиты ауылының Қаратаев көшесінің автомобиль жолын орташа жөндеуге -18 902 мың теңге;
Жымпиты ауылының С.Датовкөшесінің автомобиль жолын орташа жөндеуге -41 153 мың теңге;
Жымпиты ауылының Амангельдікөшесінің автомобиль жолын орташа жөндеуге -43 965 мың теңге;
аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтіп ұстауға -26000 мың теңге.
3) бюджеттік кредиттер сомасы - 44 541 мың теңге:
мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға берілетін бюджеттік кредиттер - 44 541 мың теңге.
4.Жергілікті бюджеттердің теңгерімдігін қамтамасыз ету үшін2016 жылдың кірістер бөлу нормативі төмендегі кіші сыныптар кірістері бойынша белгіленсін: 
1)жеке табыс салығы - 100%. 
2)әлеуметтік салық - 100%.
5.Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер мен тауарларды өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады. 
6.2016 жылға арналған аудандық жергілікті атқарушы органдарының резерві 5 799 мың теңге көлемінде бекітілсін. 
7.Аудандық жергілікті атқарушы органының борыш лимиті 2016 жылдың 31 желтоқсанына 30000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
8.2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгіленген мамандар лауазымдарының тізбесіне ауылдық жерлерде қызмет ететін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласының азаматтық қызметшілеріне осы қызмет түрлерімен қалада айналысатын азаматтық қызметшілердің ставкаларымен салыстырғанда лауазымдық жалақыларын 25 пайызға көтеру белгіленсін.
9.2016 жылға арналған аудан бюджетін орындау процессіндесеквестірлендіруге жатпайтын бағдарламалар тізбесі 4- қосымшаға сәйкесбекітілсін.
10.Сырым аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (А.Орашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
11. Осы шешім 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастапқолданысқа енгізіледі

 

 

 

Сессия төрағасы                                              Х.Мусағалиев

Мәслихат хатшысы                                         А.Галимов