Жымпиты ауылы № 30-4 22 қыркүйек 2015 ж
Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы
5 наурыздағы №26-8 «Аудан әкімдігі
жанындағы қылмыстық жазаларды
және қылмыстық-құқықтық ықпал ету
шараларын орындайтын органдар мен
мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі,
сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген
адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті
ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші
органның дербес құрамы туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және аудан әкімдігінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі №311 қаулысына сәйкес, Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 5 наурыздағы №26-8 «Аудан әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның дербес құрамы туралы» шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
1) Консультациялық-кеңесші орган құрамына аудандық прокурор көмекшісі Нарматов Бауыржан Ахтанбердыұлы енгізілсін;
2) сәйкесінше Муратов Артур Аманғалиұлы шығарылсын;
3) Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бижанов Мақсот Есенұлы енгізілсін,
4) сәйкесінше Құсайнов Серікқали Марленұлы шығарылсын.
3) Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Молдағалиев Қонысбай Закрияұлы енгізілсін;
4) сәйкесінше Сырым аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Уашев Өтеген Қайыржанұлы шығарылсын.
Сессия төрағасы Х.Мусагалиев
Мәслихат хатшысы А.Галимов