Жымпиты ауылы № 30-3 22 қыркүйек 2015 ж.
Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы
8 қарашадағы №15-3 «Аудан әкімдігі
жанындағы консультациялық-кеңесші
орган құқық бұзушылық профилактикасы
жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
дербес құрамы туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын және аудан әкімдігінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі №307 қаулысына сәйкес, Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 8 қарашадағы №15-3 «Аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне (05.08.2014ж. №21-4; 05.03.2015ж. №26-7 шешімдерді қоса алғанда) төмендегідей өзгерістер енгізілсін :
1) Комиссия төрағасының орынбасары болып Сырым аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Альмуханов Арман Өтегенұлы (келісім бойынша) енгізілсін;
2) сәйкесінше Ниязгалиев Тимур Қабылұлы шығарылсын;
3) Комиссия құрамына Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бижанов Мақсот Есенұлы енгізілсін;
4) сәйкесінше Құсайнов Серікқали Марленұлы шығарылсын.
Сессия төрағасы Х.Мусагалиев
Мәслихат хатшысы А.Галимов