Жымпиты  ауылы                        № 29-2                                    6 тамыз  2015 ж

 

 

Сырым аудандық мәслихатының

2014 жылғы 26 желтоқсандағы №25-2

«2015-2017 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Сырым аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №25-2 «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3767 тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда «Сырым елі» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2015 жылға келесі көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 3 375 076 мың теңге:

салықтық түсімдер - 294 293 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 2 207 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 3 371 мың теңге;

трансферттер түсімі - 3 075 205 мың теңге;

2) шығындар - 3 379 419 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 34 343 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 44 595 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 10 252 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 23 105  мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 23 105 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -61 791 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 61 791 мың теңге;

қарыздар түсімі - 44 595 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 10 252 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 27 448 мың теңге.».

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. 2015 жылға арналған аудандық бюджетке бөлінетін нысаналы республикалық, облыстық трансферттердің және кредиттердің жалпы сомасы 1 060 692 мың теңге көлемінде қарастырылсын:

1) республикалық бюджет трансферттер сомасы - 749 277 мың теңге:

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға, оның ішінде еңбекақы жүйесінің жаңа моделінің деңгейіне сәйкес еңбекақы мөлшерін жеткізуге - 20 116 мың теңге;

үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдерге төленетін еңбекақыны арттыруға -27 604 мың теңге;

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге - 306 мың теңге;

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге - 1 485 мың теңге;

мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға - 265 мың теңге;

мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын көбейтуге - 2 336 мың теңге;

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге - 10 322 мың теңге;

мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілері болып табылмайтын жұмыскерлеріне, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделі бойынша еңбекақы төлеуге және лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге - 120 881 мың теңге;

жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға тұрғын үй салуға - 64 404 мың теңге;

Жымпиты ауылының су құбырын қайта жаңартуға - 479 434 мың теңге;

азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің штат санын ұстауға - 1 170 мың теңге;

агроөнеркәсіптік кешеннің жергілікті атқарушы органының бөлімшесін ұстауға - 3 113 мың теңге;

мамандандырылған уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға- 17 841 мың теңге.

2) облыстық бюджет трансферттер сомасы - 266 820 мың теңге:

оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізуге - 5 422 мың теңге;

Жетікөл ауылының әлеуметтік нысандарды газдандыруына - 2 731 мың теңге;

Қосарал ауылының әлеуметтік нысандарды газдандыруына - 11 211 мың теңге;

Қособа ауылының әлеуметтік нысандарды газдандыруына - 8 935 мың теңге;

Жырақұдық ауылының әлеуметтік нысандарды газдандыруына - 8 413 мың теңге;

Шағырлой және 1 Май ауылдарының әлеуметтік нысандарды газдандыруына - 10 301 мың теңге;

табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін техника сатып алуға - 21 624 мың теңге;

Талдыбұлақ ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта құруға - 12 211 мың теңге;

балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуге - 12 018 мың теңге;

жетім балаларды және ата-аналарының қамқорынсыз қалған, отбасылық үлгідегі балалар үйлері мен асыраушы отбасыларындағы балаларды мемлекеттік қолдауға - 671 мың теңге;

мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға - 113 мың теңге;

Жымпиты ауылының автожолдарын орташа жөндеуге - 102 877 мың теңге;

аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтіп ұстауға - 35 000 мың теңге;

Жымпиты ауылының су құбырын қайта құруға - 20 032 мың теңге.

балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беруге - 15 261 мың теңге.

3) бюджеттік кредиттер сомасы - 44 595 мың теңге:

мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға берілетін бюджеттік кредиттер - 44 595 мың теңге.».

2. Көрсетілген шешімнің 1, 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. Сырым аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (А.Орашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Сессия төрағасы                                              С.Кударов

 

Мәслихат хатшысы                      А.Галимов