Жымпиты ауылы №28-1 4 маусым 2015 жыл.
«Қазақстан Республикасының тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығын
жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға
арналған бағдарламасын» орындаудағы
аудандық тұрғын үй- коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары бөлімінің
атқарған жұмысы туралы.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабын басшылыққа ала отырып Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының орындаудағы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің атқарған жұмысы туралы» аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ө.Бектеновтің баяндамасы қатерге алынсын.
2. Аудан бойынша Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының
үстіміздегі жылға белгіленген тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету және 2015 жылдың қорытындысымен хабарлама беру аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына (Ө.Бектенов) тапсырылсын.
Сессия төрайымы А.Бисалиева
Мәслихат хатшысы А.Галимов