Жымпиты ауылы № 26-10 5 наурыз 2015 ж.
Аудан әкімдігі жанындағы
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің
мүдделерін қозғайтын мәселелер
бойынша ведомствоаралық
консультациялық-кеңесші органның
дербес құрамы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Заңын және аудан әкімдігінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 250 қаулысына сәйкес, Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудан әкімдігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша ведомствоаралық консультациялық-кеңесші органның дербес құрамы төмендегіше бекітілсін:
Шыныбеков Абат аудан әкімі,
Абайұлы - кеңес төрағасы
Төреғалиев Төлеген аудан әкімінің орынбасары, кеңес
Серікқалиұлы - төрағасының орынбасары
Жумагулова Салтанат аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас
Маратқызы - маман есепшісі, кеңес хатшысы
Мұхамбетжанов Жанболат - аудан әкімі аппаратының персоналды
Мұратжанұлы басқару қызметі (кадр қызметі)
бөлімінің басшысы
Қайырғалиев Мейрам аудандық кәсіпкерлік бөлімінің
Нұрмағамбетұлы - басшысы
Балғалиев Айдынғали Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер
Базарғалиұлы - палатасының Сырым аудандық
филиалының директоры (келісім бойынша)
Нұрмұханов Ғанимат
Қайыржанұлы - жеке кәсіпкер (келісім бойынша)
Валиева Айгүл
Болатқызы - жеке кәсіпкер (келісім бойынша)
Жангожиева Алмагүл
Муваракқызы - жеке кәсіпкер (келісім бойынша)
Менжанов Мереке
Орынтайұлы - жеке кәсіпкер (келісім бойынша)
2. Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 5 сәуірдегі «Аудан әкімияты жанындағы консультациялық-кеңесші орган жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптамалық Кеңестің дербес құрамы туралы» № 10-2 шешімі жойылды деп танылсын.
Сессия төрағасы А.Дуйсенгалиев
Мәслихат хатшысы А.Галимов