Жымпиты ауылы №26-4 5 наурыз 2015 жыл.
Мүгедектер қатарындағы кемтар
балаларды жеке оқыту жоспары
бойынша үйде оқытуға жұмсаған
шығындарын өндіріп алу тәртібін
және мөлшерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарына сәйкес, Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері айқындалсын:
1) шығындарды өтеу әр балаға психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы болған жағдайда ай сайын үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі;
2) үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және оларға қатысты ата-аналары, ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-анасының біреуіне және басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісі есепке алынбай берілсін.
2 Аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (А.Орашева) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А.Дуйсенгалиев
Мәслихат хатшысы А.Галимов