Жымпиты ауылы                                   №26-2                    5  наурыз  2015 жыл.

 

Сырым аудандық мәслихатының

2014 жылғы 26 желтоқсандағы №25-2

«2015-2017 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Сырым аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №25-2 «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3767 тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда «Сырым елі» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2015 жылға келесі көлемде бекітілсін:

1) кірістер -3 415 822 мың теңге:

салықтық түсімдер - 280 964мың теңге;

салықтық емес түсімдер -1 907 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер- 0 теңге;

трансферттер түсімі -3 132 951 мың теңге;

2) шығындар -3 418 662 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу -34 343 мың теңге:

бюджеттік кредиттер -44 595 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу -10 252 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо -24 608 мың теңге:         қаржы активтерін сатып алу -24 608 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -61 791 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) -61 791 мың теңге;

қарыздар түсімі -44 595 мың теңге;

қарыздарды өтеу -10 252 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары -27 448 мың теңге.».

2. Көрсетілген шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. Сырым аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (А.Орашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4.Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                     А.Дүйсенғалиев        

                  

Мәслихат хатшысы                               А.Галимов