Жымпиты ауылы № 25- 4 19 желтоқсан 2014 ж.
Аудандық мәслихат аппаратының
құрылымы және оның 2015-2017
жылдарға арналған қаржыландыру
жоспары туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабының 4 тармағына сәйкес Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихат аппаратының құрылымы және оның 2015-2017 жылдарға арналған қаржыландыру жоспары қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енсін.
3. Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №16-4 «Аудандық мәслихат аппаратының құрылымы және оның 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қаржыландыру жоспары туралы» шешімі жойылды деп танылсын.
Сырым аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы А. Дуйсенгалиев
Сырым аудандық
мәслихат хатшысы А. Галимов