Жымпиты ауылы №24-3 27 қараша 2014 жыл
Сырым аудандық мәслихатының 2014 жылғы
30 сәуірдегі № 19-2 «2014 жылы Сырым
ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс
iстеуге және тұруға келген денсаулық
сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы мамандарына көтерме
жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу
үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы»
шешімінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына және Батыс Қазақстан облысының әділет департаментінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 4-5798 заңды бұзуды жою туралы ұсынысына сәйкес, Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сырым аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 19-2 «2014 жылы Сырым ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3525 тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырдағы «Сырым елі» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Сырым аудандық мәслихатының бас маманы (А.Орашева) осы шешімнің көшірмесі әділет органдарына жолдануын, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы В.Джумагалиев
Мәслихат хатшысы А.Галимов