Жымпиты ауылы                                 №23-1                               7 қазан 2014 жыл

 

Сырым аудандық мәслихатының

2013 жылғы 25 желтоқсандағы №16-2

«2014-2016 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы №16-2 «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтық құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3396 тіркелген, 2014 жылғы 20 ақпанда «Сырым елі» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2014 жылға келесі көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 2 897923 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 357147мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 2400 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер- 6500 мың теңге;

трансферттер түсімі -2 531 876 мың теңге;

2) шығындар - 2 854 806 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 62704 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 66 672 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу -3 968 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -19 587 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 19 587 мың теңге;

қарыздар түсімі - 66 672 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 48 598 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 1 513 мың теңге.».

3-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«3. 2014 жылға арналған аудандық бюджетке бөлінетін республикалық, облыстық трансферттердің және кредиттердің жалпы сомасы 582 659 мың теңге көлемінде  ескерілсін, соның ішінде:»;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) облыстық  бюджет трансферттер сомасы- 183 657мың теңге:

Аралтөбе ауылындағы су құбырын қайта құру жобалау-сметалық құжаттаманы жасақтауға - 5 156 мың теңге;

Қосарал ауылындағы су құбырын қайта құру жобалау-сметалық құжаттаманы  жасақтауға  - 3 082 мың теңге;

Қоңырауылындағы су құбырын қайта құру жобалау-сметалық құжаттаманы  жасақтауға - 5 137 мың теңге;

Бұлдырты ауылындағы су құбырын қайта құру жобалау-сметалық құжаттаманы жасақтауға -  8 770 мың теңге;

Жетікөл ауылының әлеуметтік нысандарды газдандыруына - 2 757 мың теңге;

Қосарал ауылының әлеуметтік нысандарды газдандыруына - 11562 мың теңге;

Қособа ауылының әлеуметтік нысандарды газдандыруына - 9 028 мың теңге;

Жырақұдық ауылының әлеуметтік нысандарды газдандыруына - 8490 мың теңге;

Шағырлой және 1 Май  ауылдарының әлеуметтік нысандарды газдандыруына - 10 661 мың теңге;

Жымпиты ауылының су құбырын қайта жаңартуға - 119 114 мың теңге.».

2. Аталған шешімнің 1, 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2- қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Сырым аудандық мәслихатының ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы М.Рахимжанов).

4. Сырым аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (А.Орашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

5.Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                      В.Джумагалиев

Мәслихатхатшысы                                 А.Галимов