Жымпиты ауылы № 22-1 13 тамыз 2014 ж.
Сырым аудандық мәслихатының
2013 жылғы 25 желтоқсандағы №16-2
«2014-2016 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы» шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Заңына сәйкес аудандық мәслихатШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы №16-2 «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтық құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3396 тіркелген, 2014 жылғы 20 ақпандағы «Сырым елі» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақта:
1) тармақшадағы «2759715 мың » деген сан «2789715 мың» деген санмен ауыстырылсын;
«333647 мың» деген сан «357147 мың» деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер-6500 мың теңге;»
2) тармақшадағы «2716598 мың» деген сан «2746598 мың» деген санмен ауыстырылсын;
2. Аталған шешімнің 1, 5 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы В.Джумагалиев
Аудандық мәслихат
хатшысы А.Галимов