Жымпиты ауылы | № 21-1 | 5 тамыз 2014 жыл |
Ауданның әлеуметтік-экономикалық
дамуының жәйі туралы аудан әкімінің есебі.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы №19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығын басшылыққа ала отырып аудан әкімі А.Шыныбековтың баяндамасын тыңдап, талқылап ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартып, нығайтудағы атқарылған және атқарылуға тиісті жұмыстарды көрсете келіп аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудан әкімі А.Шыныбековтың ағымдағы жылдың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жәйі туралы есебі қатерге алынсын.
Атқарушы органдардың күш–жігері, ауданның әлеуметтік–экономикалық жағдайын одан әрі жақсартуға, баяндамада атап көрсетілген алда тұрған міндеттерді орындауға жұмылдырылсын.
Сессия төрағасы | Е.Исанов |
Мәслихат хатшысы | А.Галимов |