Жымпиты ауылы  № 21-2  5 тамыз 2014 жыл

 

Қазақстан Республикасы Парламенті

Сенатының депутаттығына

кандидат ұсыну туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 71 бабы 2 және 4 тармақтарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттыққа Мұқаев Ерболат Рахметұлы ұсынылсын.

2. Аудандық мәслихаттың шешімі Мұқаев Ерболат Рахметұлына жеткізілсін.

3. Осы шешім Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының кандидаттығына дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен қоса облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.

 

Сессия төрағасы  Е.Исанов
Мәслихат хатшысы  А.Галимов