Жымпиты ауылы | № 21-3 | 5 тамыз 2014 жыл |
Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы
5 шілдедегі №13-2 «Сырым ауданы
әкімдігінің дербес құрамы туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және аудан әкімдігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 207 қаулысына сәйкес Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 5 шілдедегі «Сырым ауданы әкімдігінің дербес құрамы туралы» №13-2 шешіміне өзгерістер енгізіліп, аудан әкімдігінің дербес құрамы төмендегіше бекітілсін:
Шыныбеков Абат Абайұлы – аудан әкімі;
Саркулов Асланбек Ахметоллаұлы – аудан әкімінің орынбасары;
Төреғалиев Төлеген Серікқалиұлы – аудан әкімінің орынбасары;
Сарсенов Ерлан Жолдыбайұлы – аудан әкімі аппаратының басшысы;
Шалабаев Муса Кеңесұлы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
Сессия төрағасы | Е.Исанов |
Мәслихат хатшысы | А.Галимов |