Жымпиты ауылы  № 20-4  13 мамыр 2014 жыл

Аудандық мәслихаттың кейбір

шешімдерінің күші жойылды

деп тану туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 “Нормативтік құқықтық актілер туралы” Заңдарын басшылыққа ала отырып қабылданған нормативтік актілерді тәртіпке келтіру мақсатында Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Қосымшаға сәйкес аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

Сессия төрағасы  Е.Исанов
Мәслихат хатшысы  А.Галимов

 

 

Сырым аудандық мәслихатының

2014 жылғы 13 сәуірдегі кезектен тыс

ХХ сессиясының №20-4 шешіміне қосымша

Аудандық мәслихаттың күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1. Сырым аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 7-3 «2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3140 11.01.2013ж) шешімі.

2. Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 31 қаңтардағы №9-1 «Сырым аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 7-3 «2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3179 12.02.2013ж)шешімі.

3. Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 5 шілдедегі №13-1 «Сырым аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 7-3 «2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3316 22.07.2013ж) шешімі.

4. Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 8 қарашадағы №15-2 «Сырым аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 7-3 «2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3360 15.11.2013ж)шешімі.

5. Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №16-1 «Сырым аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 7-3 «2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3380 25.12.2013ж) шешімі.