Жымпиты ауылы | № 20- 3 | 13 мамыр 2014 ж. |
Сырым аудандық мәслихатының
2013 жылғы 26 желтоқсандағы №16-8
«Сырым ауданының әлеуметтік
көмек көрсету, оның мөлшерлерін
белгілеу және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындау қағидасын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №16-8 «Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3407 тіркелген 2014 жылғы 6 ақпандағы аудандық «Сырым елі» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
8 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық шығындарына 5АЕК мөлшерінде және жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне
2
теңестірілген адамдарға 2000 теңге мөлшерінде, соның ішінде Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептеледі қалаларда болған адамдарға 5 АЕК мөлшерінде.».
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Е.Исанов |
Мәслихат хатшысы | А.Галимов |
Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 13 мамырдағы №20-3 «Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №16-8 «Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешіміне
анықтама – негіздеме
№ |
Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі |
Мемлекеттік органның ақпараты |
1. |
Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган |
Сырым аудандық мәслихат аппараты |
2. |
Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзіреті) |
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы, Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20 бабы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 7 бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысы. |
3. |
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) |
Аудан әкімінің 2014 жылғы 5 мамырдағы №1-2/378 хаты |
4. |
Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер |
Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №16-8 «Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3407 15.01.2013ж. тіркелген «Сырым елі» газетінде 06.02.2014ж. №6 жарияланған) |
5. |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер |
Мәлімет жоқ. |
6. |
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме |
Көзделмеген. |
7. |
Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет |
Мәлімет жоқ |
8. |
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді |
Мәлімет жоқ |
9. |
Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) |
Қажеті жоқ |
Сырым аудандық мәслихатының хатшысы |
А.Галимов |