2017 жылдың 14 желтоқсаны күні Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 18 бабына сәйкес шақырылған Сырым аудандық мәслихатының алтыншы шақырылымдағы кезекті ХХІ сессиясы болып өтті. 

Сессияға аудандық мәслихаттың 12 депутатынан 9 депутат, аудан әкімі Төреғалиев Төлеген Серікқалиұлы, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары, аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелері, ауылдық округтердегі ардагерлер кеңесінің төрағалары, аудан орталығындағы қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессияны №1 Жымпиты сайлау округінен депутат Асхат Ғабделғазизұлы Дуйсенгалиев ашып жүргізді.

Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылып қаралды:

  1. Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №9-2 «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

  Хабарламашы: М.Шалабаев – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

  1. 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.

  Хабарламашы: М.Шалабаев – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

  1. Жымпиты ауылдық округіне қарасты Бірінші май елді мекеніне жаңадан атау беру ұсынысы туралы.

Хабарламашы: С.Нурпейсов- аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

  1. Жымпиты ауылдық округіне қарасты Өлеңті ауылының кейбір көшелеріне қайта атау беру ұсынысы туралы.

Хабарламашы: С.Нурпейсов- аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

  1. Аудандық мәслихат аппаратының құрылымы және оның 2018-2020 жылдарға арналған қаржыландыру жоспарын бекіту туралы.

  Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева – аудандық мәслихат хатшысы.

  1. Аудандық мәслихаттың 2018 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы.

  Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева – аудандық мәслихат хатшысы.

  1. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.

Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева – аудандық мәслихат хатшысы

Сессия аудандық мәслихаттың регламентіне сәйкес жүргізілді.