2017 жылдың 28 қарашасы күні Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 18 бабына сәйкес шақырылған Сырым аудандық мәслихатының алтыншы шақырылымдағы кезекті ХХ сессиясы болып өтті.
Сессияға аудандық мәслихаттың 12 депутатынан 10 депутат, аудан әкімі Төреғалиев Төлеген Серікқалиұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары, мектеп директорлары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияны №6 Сарой сайлау округінен депутат Досжан Ересұлы Тайшиев ашып жүргізді.
Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
- Аудандық білім беру бөлімінің Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау барысы туралы
Баяндамашы: З.Ергазиева- аудандық білім беру бөлімінің басшысы
- Сырым ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы.
Хабарламашы: А.Нурмуханов - аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы.
- Сырым аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 шілдедегі №19-3 «Сырым ауданы әкімдігінің дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Е.Сарсенов- аудан әкімі аппаратының басшысы.
- Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 5 наурыздағы №26-7 «Аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Е.Сарсенов – аудан әкімі аппаратының басшысы
- Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 19 тамыздағы №14-4 «Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Е.Сарсенов – аудан әкімі аппаратының басшысы
- Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 19 тамыздағы №14-3 «Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аймақтық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Е.Сарсенов – аудан әкімі аппаратының басшысы
- Сырым ауданының құрмет грамотасымен наградтау туралы.
Хабарламашы: Е.Сарсенов- аудан әкімі аппаратының басшысы.
- Сырым аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 қазандағы №17-3 «Сырым ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған іс-шара жоспарын бекіту туралы» шешімін жою туралы.
Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева - аудандық мәслихат хатшысы.
- Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі №4-6 «Сырым аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева - аудандық мәслихат хатшысы.
- Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.
Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева - аудандық мәслихат хатшысы.
Сессия аудандық мәслихаттың регламентіне сәйкес жүргізілді.