2017 жылдың 26 сәуірі күні Сырым аудандық мәслихатының алтыншы шақырылымдағы кезекті ХІІІ сессиясы болып өтті.

Сессияны №9 Талдыбұлақ сайлау округінен депутат Талғат Мұратұлы Даргужиев ашып жүргізді.

Сессияның күн тәртібіндегі негізгі мәселе «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы» болды. Бағдарламаның аудан көлемінде орындалу барысы, алда атқарылатын міндеттер жөнінде аудандық орталық аурухана директорының орынбасары Р.Тахамбетова баяндама жасады.

Бұл мәселе бойынша аудандық "Қайсар" спорт мектебінің директоры Б.Ихсанов аудан көлемінде ұйымдастырылатын спорттық шараларға алғашқы медициналық көмек көрсету мақсатында медқызметкерді қатыстыруды сұраса, аудандық мәслихат депататы А.Ниязгалиева бірнеше ұсыныстарын білдірді:

1) Жүрек - қантамыр ауруларының өсіп отырғандығы байқалады, осыған байланысты ауылдық округтерде ауруларға көңіл бөліп, аурудың алдын алу шараларын жүргізу;

2) Диспансерлік есепте тұрған ауруларға арналған тегін дәрі-дәрмектерге берілген рецептер бойынша дәріханалар уақытылы және толық мөлшерде дәрілерді беру жұмыстарын жүйеге келтіру;

3) Ауданға қажет тәжірибелі мамандармен толықтыру жұмыстарын жүргізу;

4) Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кедергісіз аймақ құру мақсатында арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету (тірек қимыл аппараты бұзылғандарға, көзі нашар көретін, есту қабілеті төмен адамдарға);

5) Халықтың уақытылы медициналық көмек көрсету және кедергісіз ауысу мақсатында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қолжетімді болу үшін тұрғындарға, соның ішінде мекеме қызметкерлеріне ақпараттық оқыту материалдарын - буклеттер, плакаттар, парақшалар, жадынамаларды тарату жұмыстарын қолға алу, емханаларды көрнекі үгіттеулермен безендіру.