2017 жылдың 10 қаңтары күні аудандық мәслихат сессиясының кезектен тыс Х сессиясы болып өтті.

Сессияға аудандық мәслихаттың 12 депутатынан 10 депутат, аудан әкімі Шыныбеков Абат Абайұлы, аудан әкімінің орынбасары Турегалиев Төлеген Серікқалиұлы, аудандық дербес бөлім басшылары, Жымпиты ауылдық округінің әкімі мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс Х сессиясын №4 Бұлан сайлау округінен депутат Хамидуллин Бақытжан Кашукұлы ашып жүргізді. 

 

 

Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылды:

1. Сырым ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Хабарламашы: М.Қайырғалиев - аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің  басшысы.

2. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 17 ақпандағы №35-1 «2016-2020 жылдарға арналған Сырым ауданының аумақтық даму бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы.

Хабарламашы: М.Шалабаев - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

3. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 5 наурыздағы №26-10 «Аудан әкімдігі жанындағы жеке кәсіпкерлік  субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша ведомствоаралық консультациялық-кеңесші органның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: А.Жоламанов - аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.

4. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 19 тамыздағы №14-9 «Аудан әкімі жанынан құрылған кәсіпкерлердің Қоғамдық кеңесінің дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: А.Жоламанов - аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.

 

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарламашылар тыңдалып, шешім жобалары дауысқа қойылып, қабылданды.

Сессиядан аудан әкімі Шыныбеков Абат Абайұлына сөз алып, 2017 жылы ауданда атқарылатын жұмыстар туралы хабардар етті.