Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 18 бабына сәйкес аудандық мәслихат сессиясы төрағасының шешімімен кезекті ІХ сессиясы шақырылған болатын.

Сессияны № Сессияны №2 Қарасу сайлау округінен депутат Токмамбетов Серік Әнуарұлы ашып жүргізді.   

 

 

Сессияға аудандық мәслихаттың 12 депутатынан 9 депутат, аудан әкімі Шыныбеков Абат Абайұлы,аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы,  дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері,  аудан орталығындағы мекеме басшылары, аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.   

 

 

Есеп комиссиясына депутаттар Тайшиев Досжан Ересұлы, Берсебаев Санат Даленұлы  және редакциялық комиссиясына депутат Ниязгалиева Аида Кимовна, мәслихат аппаратының бас мамандары Ахметов Меңтай Төлегенұлы және Кадирова Гүлнұр Амангелдіқызының кандидатуралары ұсынылып сайланды.  

 

Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылды:

 

1. Сырым аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №33-2 «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: М.Шалабаев - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

2. 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.

Баяндамашы: М.Шалабаев - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

 

 

3. «Сырым аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы.

Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева - аудандық мәслихат хатшысы.

4. Аудандық мәслихат аппаратының құрылымы және оның 2017-2019 жылдарға арналған қаржыландыру жоспары туралы.

Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева - аудандық мәслихат хатшысы.

5. Аудандық мәслихаттың 2017 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспары туралы.

Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева - аудандық мәслихат хатшысы.

6. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.

Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева - аудандық мәслихат хатшысы

 

 

Сессия аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 8 шілдедегі №4-6 шешімімен бекітілген регламентке сәйкес жүргізілді.

Күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселелер- аудандық бюджеттегі өзгерістер мен 2017 жылға жоспарланған аудан бюджеті бойынша аудандық мәслихаттың депутаты, экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Даргужиев Талғат Мұратұлы пікір айтты.

 

 

Сессияда аудан әкімі Шыныбеков Абат Абайұлы сөз алып, ауданда атқарылған және алда жоспарланған жұмыстарға тоқталып өтіп, оларға жұмсалған, бөлінген қаржылар жөнінде түсініктер берді.

Сессияның жүргізілуі жөнінде пікір, ескертулер, анықтама берушілер болған жоқ. 

Осымен аудандық мәслихаттың кезекті ІХ сессиясы өз жұмысын аяқтады. 

 

Сессиядан кейін аудандық мәслихаттың депутаты, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі Тайшиев Досжан Ересұлы түске дейін өткен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралған мәселелер бойынша хабарлама жасады.