2016 жылдың 29 қарашасы күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс ҮІІІ сессиясы болып өтті.
Сессияға аудандық мәслихаттың 12 депутатынан 11 депутат, аудан әкімі Шыныбеков Абат Абайұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, тиісті мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияны №2 Қарасу сайлау округінен депутат Токмамбетов Серік Әнуарұлы ашып жүргізді.
Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер ұсынылды:
1. Сырым аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №33-2 «2016-2018 жылдарға арналған бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: М.Шалабаев - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 19 тамыздағы №30-5 «Аудан әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аймақтық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: М.Хасанов - аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы.
3. «Сырым ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы
Хабарламашы: М.Хасанов - аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы.
4. Сырым ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы
Хабарламашы: М.Хасанов - аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы.
5. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 25 наурыздағы №1-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева - аудандық мәслихат хатшысы.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе: Сырым аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №33-2 «2016-2018 жылдарға арналған бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы - мәселе бойынша енгізілген өзгерістерді нақтылауды қажет етуіне байланысты Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 11 бабының 4 тармағына сәйкес сессияның жұмысында он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге үзіліс жарияланып, бұл мәселеге қайта оралу жөнінде №9 Талдыбұлақ сайлау округінен депутат Даргужиев Талғат Мұратұлы ұсыныс жасады.
Ұсыныс дауысқа қойылып, аудандық мәслихат депутаттары тарапынан бірауыздан қабылданды.
Күн тәртібіндегі басқа мәселелер бойынша хабарламашылар тыңдалып, шешімдері дауысқа қойылып, қабылданды.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 11 бабының 4 тармағына сәйкес аудандық мәслихаттың кезектен тыс ҮІІІ сессиясының жұмысына он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге үзіліс жарияланды.
Бүгін, 2016 жылдың 2 желтоқсаны күні, аудандық мәслихаттың кезектен тыс ҮІІІ сессиясы өз жұмысын жалғастырды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе: Сырым аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №33-2 «2016-2018 жылдарға арналған бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шалабаев Мұса Кеңесұлы хабарлама жасады.
Хабарламашыға сұрақтар болған жоқ.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша шешімнің жобасы дауысқа қойылып, шешім толығымен қабылданды.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс VІІІ сессиясы өз жұмысын аяқтады.