Бүгін, 10 қазан, аудандық мәслихаттың кезектен тыс VІІ сессиясы болып отті.
Сессияға аудандық мәслихаттың 11 депутатынан 10 депутат, облыстық мәслихаттың депутаты Нурмуханов Ғанимат Қайыржанұлы, аудан әкімі Шыныбеков Абат Абайұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудан орталығындағы мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдар, аудандық қоғамдық кеңестің төралқа мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияны №2 Қарасу сайлау округінен депутат Токмамбетов Серік Әнуарұлы ашып, жүргізді.
Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселе ұсынылды:
1. Сырым аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №33-2 «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Шалабаев Муса Кеңесұлы -
аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
Сессия аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 8 шілдедегі №4-6 шешімімен бекітілген регламентке сәйкес жүргізілді.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша хабарлашының хабарламасы тыңдалып, шешім жобасы дауысқа қойылып, шешім бірауыздан қабылданды.
Сессияның жүргізілуі жөнінде пікір, ескертулер, анықтама берушілер болған жоқ.