Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Сырым аудандық мәслихатының кезектен тыс V сессиясы өтті.

Сессияға аудандық мәслихаттың 12 депутатынан 10 депутат, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары мен мекеме басшылары қатысты.

Сессияны №7 Бұлдырты сайлау округінен депутат Б.Таскалиев ашып, жүргізді.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

1. Сырым аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №33-2 «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы (хабарламашы: М.Шалабаев - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

2. №6 Сарой сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаты С.Мутиевтің депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы (хабарламашы: С.Нурпейсов - аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары)