2016 жылдың 18 мамыры күні Сырым аудандық мәслихатының алтыншы шақырылымдағы ІІІ-сессиясы болып өтті.
Сессияға аудандық мәслихаттың 12 депутатынан 10 депутат, облыстық мәслихаттың депутаты Нурмуханов Ғанимат Қайыржанұлы, аудан әкімі Шыныбеков Абат Абайұлы, аудан әкімінің орынбасары, дербес бөлім басшылары мен бас маман-есепшілері, ауылдық округ әкімдері мен бас маман-есепшілер, аудан орталығындағы мекеме басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және Батыс Қазақстан облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Қыдырбаев Мейрамхан Иманбазарұлы қатысты.
Сессияны №12 Шолақаңқаты сайлау округінен депутат Роза Владимирқызы Ихсанова ашып жүргізді.
Сессияның күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:
1. 2015 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалу есебі туралы.
Хабарламашы: М.Шалабаев - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2. 2015 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы жөніндегі Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі туралы.
Хабарламашы: Қыдырбаев Мейрамхан Иманбазарұлы - БҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі.
3. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 8 қарашадағы №15-3 «Аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Е.Сарсенов- аудан әкімі аппаратының басшысы.
4. Сырым ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның дербес құрамы туралы.
Хабарламашы: Е.Сарсенов- аудан әкімі аппаратының басшысы.
5. Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі №2-7 «Сырым ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Қ.Құлмұқан - аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы.