2016 жылдың 19 сәуірі күні Сырым аудандық мәслихатының алтыншы шақырылымдағы кезекті ІІ -сессиясы болып өтті.
Сессияға аудандық мәслихаттың 11 депутаты, облыстық мәслихаттың депутаты, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысының міндетін атқарушы, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес мүшелері, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысы, кеңесшілері және қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:
1. «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бірінші кезең- 2013-2015 жылдар) орындаудағы аудандық ішкі саясат бөлімінің атқарған жұмыстары туралы.
Баяндамашы: Е.Исанов- аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.
2.Сырым аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №33-2 «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: М.Шалабаев - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
3. Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №16-8«Сырым ауданының әлеуметтіккөмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы»шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Хабарламашы: А.Баяндыков - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
4. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 19 тамыздағы №30-5 «Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аймақтық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: К.Исатаева- аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы.
5.Аудандық мәслихат аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы.
Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева - аудандық мәслихат хатшысы.
6. Аудандық Қоғамдық кеңес туралы ережені бекіту туралы.
Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева - аудандық мәслихат хатшысы.
7. Сырым ауданы бойынша бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы.
Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева - аудандық мәслихат хатшысы
8. Сырым аудандық мәслихаттың 2016 жылға арналған перспектикалық жұмыс жоспары туралы
Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева - аудандық мәслихат хатшысы
9. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.
Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева - аудандық мәслихат хатшысы