2016 жылдың 17 ақпаны күні Сырым аудандық мәслихатының бесінші шақырылымындағы кезекті ХХХV сессиясы болып өтті.
Сессияға аудандық мәслихаттың 11 депутатынан 8 депутат, аудан әкімі Шыныбеков Абат Абайұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, қоғамдық кеңес құрамына ұсынылған кандидатуралар, ауылдық округтардағы ардагерлер кеңесінің төрағалары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:
1. «2016-2020 жылдарға арналған Сырым ауданының аумақтық даму бағдарламасын» бекіту туралы.
Хабарламашы: М.Шалабаев - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2. Сырым аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №33-2 «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: М.Шалабаев - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
3. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 8 қарашадағы №15-3 «Аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Е.Сарсенов - аудан әкімі аппаратының басшысы.
4. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 19 тамыздағы №14-4 «Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Е.Сарсенов - аудан әкімі аппаратының басшысы.
5. Аудандық Қоғамдық кеңестің құрамы туралы.
Хабарламашы: Х.Мусагалиев - аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы
6. Сырым аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №33-7 ««Сырым аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімін жою туралы.
Хабарламашы: Х.Мусагалиев - аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы
7. Аудандық сайлау комиссиясының мүшесін міндетінен босату туралы.
Хабарламашы: Х.Мусагалиев - аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы
8. Учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін міндеттерінен босату туралы.
Хабарламашы: Х.Мусагалиев - аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы
9. Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою туралы.
Хабарламашы: Х.Мусагалиев - аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы
10. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.
Хабарламашы: Х.Мусагалиев - аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы