2016 жылдың 19 қаңтары күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІҮ сессиясы болып өтті.
Сессияға аудандық мәслихаттың 12 депутатынан 11 депутат, аудан әкімі Абат Абайұлы Шыныбеков, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, дербес бөлім басшылары, «НұрОтан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы, Жымпиты ауылдық округінің әкімі, аудандық «Сырым елі» газетінің редакторы, «Сырым жауһарлары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы тізім бойынша қатысты.
Сессияны №3 Сырым сайлау округінен депутат Ә.Табишев ашып жүргізді.
Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Ауданның жергілікті полиция қызметі басшысының лауазымына келісім беру туралы.
Хабарламашы: А.Шыныбеков - аудан әкімі.
2. №9 Талдыбұлақ сайлау округі бойынша аудандық мәслихаттың депутаты Е.Исановтың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.