2015 жылдың 21 желтоқсаны күні аудандық мәслихаттың кезекті ХХХІІІ сессиясы болып өтті.
Сессияға аудандық мәслихаттың 12 депутатынан 10 депутат, облыстық мәслихаттың депутаты Ғабдрахим Маралұлы Жаңбырбаев, аудан әкімі Абат Абайұлы Шыныбеков, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудан орталығындағы мекеме басшылары, «НұрОтан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тізім бойынша қатысты.
Сессияны №11 Алғабас сайлау округінен депутат Х.Мусагалиев ашып жүргізді.
Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Сырым аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №25-2 «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: М.Шалабаев - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2. 2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
Хабарламашы: М.Шалабаев- аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
3. 2016 жылы Сырым ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы.
Хабарламашы: М.Шалабаев- аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
4. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 19 тамыздағы №30-5 «Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аймақтық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Е. Сарсенов - аудан әкімі аппаратының басшысы
5. Аудандық мәслихат аппаратының құрылымы және оның 2016-2018 жылдарға арналған қаржыландыру жоспары туралы.
Хабарламашы: А.Галимов - аудандық мәслихат хатшысы.
6. Аудандық мәслихаттың 2016 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспары туралы
Хабарламашы: А. Галимов - аудандық мәслихат хатшысы
7. «Сырым аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы
Хабарламашы: А.Галимов - аудандық мәслихат хатшысы
8. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы
Хабарламашы: А. Галимов - аудандық мәслихат хатшысы
Күн тәртібіндегі екінші, үшінші және бесінші мәселелер бойынша 2016 жылға арналған облыстық бюджеттің құжаттары Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінен мемлекеттік тіркеуден өтпеуіне байланысты Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 11 бабының 4 тармағына сәйкес аудандық мәслихаттың кезекті ХХХІІІ сессиясының жұмысында он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге үзіліс жарияланды.
2015 жылдың 24 желтоқсаны күні аудандық мәслихаттың кезекті XХХІІІ сессиясы өз жұмысын жалғастырды.
Сессияда аудан әкімі А. А. Шыныбеков сөз алып, депутаттарға бюджеттік қаржылардың сала бойынша бөлінуін тағы бір нақтылап түсіндіріп, келер жылы ауданда атқарылар жұмыстардан хабардар етті.