2015 жылдың 12 қарашасы күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІІ-ші сессиясы болып өтті.
Сессияға аудандық мәслихаттың 12 депутатынан 10 депутат, аудан әкімі Абат Абайұлы Шыныбеков, аудан әкімінің орынбасары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, аудандық қазынашылық, аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары, «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі тізім бойынша қатысты.
Сессияны №11 Алғабас сайлау округінен депутат Мусагалиев Хайролла Елеуұлы ашып жүргізді.
Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Сырым аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №25-2 «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: М.Шалабаев - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы.
Хабарламашы: Қ.Молдагалиев - аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы.
3. Аудандық сайлау комиссиясының мүшесін міндетінен босату туралы.
Хабарламашы: А.Галимов - аудандық мәслихат хатшысы.
4. Округтік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін міндеттерінен босату туралы.
Хабарламашы: А.Галимов - аудандық мәслихат хатшысы.
5. Учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін міндеттерінен босату туралы.
Хабарламашы: А.Галимов - аудандық мәслихат хатшысы.