2015 жылдың 20 қазаны күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс  ХХХІ-ші сессиясы болып өтті.

Сессияға аудандық мәслихаттың 12 депутатынан 9 депутат, аудан әкімі Абат Абайұлы Шыныбеков, аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының басшысы, дербес бөлім басшылары,  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі тізім бойынша қатысты.

Сессияны №11 Алғабас сайлау округінен депутат Мусагалиев Хайролла Елеуұлы ашып жүргізді.

Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:

1.  «Сырым ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы 

Хабарламашы: Е.Сарсенов - аудан әкімі аппаратының басшысы.

2. Сырым ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы.

Хабарламашы: Е.Сарсенов - аудан әкімі аппаратының басшысы.