2015 жылдың 22 қыркүйегі күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс  ХХХ-шы сессиясы болып өтті.

Сессияға аудандық мәслихаттың 12 депутатынан 10 депутат, аудан әкімі Абат Абайұлы Шыныбеков, аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының басшысы, дербес бөлім басшылары, аудандық қазынашылық, мемлекеттік кірістер басқармасының және аудандық ішкі істер бөлімінің басшылары тізім бойынша қатысты.

Сессияны №11 Алғабас сайлау округінен депутат Мусагалиев Хайролла Елеуұлы ашып жүргізді.

 

Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:

1. Сырым аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №25-2 «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: М.Шалабаев - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

2. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 19 тамыздағы14-4 «Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Е.Сарсенов - аудан әкімі аппаратының басшысы.

3. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 8 қарашадағы15-3 «Аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Е.Сарсенов - аудан әкімі аппаратының басшысы.

4.  Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 5 наурыздағы №26-8 «Аудан әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Е.Сарсенов - аудан әкімі аппаратының басшысы.

5. Аудандық  мәслихаттың 2013 жылғы 19 тамыздағы №14-3 «Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аймақтық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Хабарламашы: Е.Сарсенов - аудан әкімі аппаратының басшысы.

6. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 5 сәуірдегі №10-4 «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Е.Сарсенов - аудан әкімі аппаратының басшысы.