2015 жылдың 4 маусымы күні аудандық мәслихаттың кезекті ХХҮІІІ сессиясы болып өтті.

Сессияға аудандық мәслихаттың 12 депутатынан 12 депутат,  аудан әкімі Шыныбеков Абат Абайұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудандық  мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  тізім бойынша шақырылған адамдар және  Батыс Қазақстан облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Қыдырбаев Мейрамхан Иманбазарұлы қатысты.

Сессияны №7 Бұлдырты сайлау округінен депутат Алмагүл Төлеуқызы Бисалиева ашып жүргізді.

Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:

1. «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын» орындаудағы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің атқарған жұмысы туралы

Баяндамашы: Ө. Бектенов - аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

2. 2014 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалу есебі туралы 

Баяндамашы: М. Шалабаев - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

3. 2014 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы жөніндегі Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі туралы

Хабарламашы: М.Қыдырбаев - Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі.

4. Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою туралы.

Хабарламашы: А. Галимов - аудандық мәслихаттың хатшысы

5.  Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.

Хабарламашы: А. Галимов - аудандық мәслихаттың хатшысы