2015 жылдың 10 сәуірі күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХҮІІ-ші сессиясы болып өтті.
Сессияға аудандық мәслихаттың 12 депутатынан 11 депутат, аудан әкімі Абат Абайұлы Шыныбеков, аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының басшысы, дербес бөлім басшылары, аудандық қазынашылық және мемлекеттік кірістер басқармасының басшылары тізім бойынша қатысты.
Сессияны №7 Бұлдырты сайлау округінен депутат Алмагүл Төлеуқызы Бисалиева ашып жүргізді.
Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Сырым аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №25-2 «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: М.Шалабаев - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2. Сырым ауданының әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын бекіту туралы
Хабарламашы: Е. Сарсенов - аудан әкімі аппаратының басшысы