2014 жылдың 19 желтоқсаны күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХҮ сессиясы болып өтті.

 

Сессияға аудандық мәслихаттың 12 депутатынан 9 депутат, аудан әкімі Абат Абайұлы Шыныбеков, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, дербес бөлім басшылары, аудан орталығындағы мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тізім бойынша қатысты.

 

 

Сессияны №1 Қарасу сайлау округінен депутат  А. Дуйсенгалиев ашып жүргізді.

 

 

Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:

1. Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы №16-2 «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: М.Шалабаев - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

2. 2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

Хабарламашы: М.Шалабаев- аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

3. 2015 жылы Сырым  ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы.

Хабарламашы: М.Шалабаев- аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

4. Аудандық мәслихат аппаратының құрылымы және оның 2015-2017 жылдарға арналған қаржыландыру жоспары туралы.

Хабарламашы: А.Галимов - аудандық мәслихат хатшысы.

 

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» - бюджет құжаттары толық болмауына байланысты  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 11 бабы 4 тармағына сәйкес кезектен тыс ХХҮ сессиясында он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге үзіліс жарияланып, бұл мәселеге қайта оралу жөнінде ұсыныс жасалды.

Ұсыныс дауысқа қойылып, аудандық мәслихат депутаттары тарапынан бірауыздан қабылданды.

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 11 бабының 4 тармағына сәйкес аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХV сессиясының жұмысында он бес күнтізбелік күннен  аспайтын мерзімге  үзіліс жарияланды.

 

2014 жылдың 26 желтоқсаны күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс XХV сессиясы өз жұмысын жалғастырды.

Күн   тәртібіндегі  екінші  мәселе  бойынша: «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.К.Шалабаев хабарлама жасады.    

Сессияда аудан әкімі А. А. Шыныбеков сөз алып, депутаттарға бюджеттік қаржылардың сала бойынша бөлінуін тағы бір нақтылап түсіндіріп, ауданда атқарылар жұмыстардан хабардар етті.