Сырым аудандық мәслихат хатшысы – Дуйсенгалиева Шынар Сайлауовна
Аудандық мәслихат хатшысының жеке азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау күні: сәрсенбі күні, сағат 10- 12 дейін
Жұмыс телефоны: 871134-31122
Ұялы телефоны: 87772387945
*******
Дүйсенғалиева Шынар Сайлауқызы, 1969 жылы 9 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Қоңыр ауылында дүниеге келді.
Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары, 2004 жылы Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін ветеринарлық санитария мамандығы бойынша бітірді, 2012 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің құқық және экономика негіздері мамандығы бойынша бакалавры академиялық дәрежесі берілді.
1976 жылы А.Жұмағалиев атындағы Жосалы орта мектебіне 1 сыныпқа барып, 1986 жылы орта білім алып, аталмыш мектепті тәмәмдады.
1986-1987 жылдары Орал қаласындағы № 6 кешкі мектеп жанындағы балабақша тәрбиешісін дайындайтын педагогикалық курсты аяқтады.
1987-1989 жылдары аралығында Жосалы ауылындағы балабақшада тәрбиеші болып қызмет атқарды.
1989-1992 жылдары аралығында Орал совхоз техникумында оқып, Зооветеринар мамандығы бойынша білім алды.
1992-1995 жылдары Жосалы совхозы директорының жастар ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет етті.
1995-1997 жылдары кадр инспекторы қызметінде болды.
1997-1999 жылдары Жосалы селолық клубының меңгерушісі болып қызмет етті.
1999-2001 жылдары «Қоңыр» Шаруа қожалығында іс жүргізуші, қойма меңгерушісі қызметінде болды.
2001-2006 жылдары аралығында Жосалы ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарды.
2006-2008 жылдары Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысы болып еңбек етті.
2008-2011 жылдары аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі қызметінде болды.
2011 жылдан 2016 жылға дейін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жұмыспен қамту орталығы» директоры қызметін атқарып келді.
2013-30.03.2016 «Сырым жауһарлары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы қоғамдық қызметінде болды.
25.03.2016 жылдан бастап аудандық мәслихаттың хатшысы.
2003 жылы Батыс Қазақстан облысы әкімінің алғыс хатымен, 2005 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығына арналған мерекелік медалімен, 2010 жылы Ғарифолла Құрманғалиевтың 100 жылдығына арналған мерекелік медалімен, 2014 жылы облыс әкімі аппаратының алғыс хатымен, 2015 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы төсбелгісімен, Осы 2019 жылы «Нұр Отан» партиясына 20 жыл, Қазақстан мәслихаттарына – 25 жыл толуына орай Батыс Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен наградталды.