03.10.2022 жыл. Кезектен тыс сессия шақыру туралы.
Аудандық мәслихат хатшысының
ШЕШІМІ
Жымпиты ауылы № 20 3 қазан 2022 жыл.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІV сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19 бабына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІV сессиясы 2022 жылдың қазан айының 6 күні сағат 09.30-ға шақырылсын.
КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕ:
- Аудандық 2017 жылғы 12 шілдедегі №17-3 «Сырым ауданы әкімдігінің дербес құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Басқа да мәселелер.
Мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева