14.01.2022 жыл.                     ХАБАРЛАНДЫРУ                                    

 

 Сырым ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы, аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөнінде конкурс жариялайды.

 Аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау бойынша конкурсқа қатысу үшін кандидаттар Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10-бабының 1 және 2 тармақтарында көрсетілген талаптарға сай болуы қажет. Атап айтқанда:

  1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

         Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

         1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

         2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

         3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

  1. Конкурсқа қатысу үшін:

         1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

         2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

         3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

         4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

 

  1. Қоғамдық кеңестің сандық құрамы 15 адам. Соның ішінде мемлекеттік органдардың өкілі 5 адам, коммерциялық емес ұйымдар өкілдері, азаматтардың қатарынан 10 адам.

 

        

  Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда аталған құжаттарды осы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде, мына мекенжайға ұсыну қажет: Сырым аудандық мәслихаты, 090900, БҚО Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі,8; 302- каб., тел.:87113431122, электрондық пошта:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.