29.12.2021 жыл.

ХАБАРЛАМА

 

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Сырым аудандық мәслихат аппараты Сырым ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру үшін жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Жұмыс тобының сандық құрамы- 7 адам.

Соның ішінде:  мемлекеттік органдар өкілдері – 2;

коммерциялық емес ұйымдар өкілдері, азаматтардың қатарынан-5.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық мекенжайына жібереді:

1) жалғанған нысан бойынша кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы азаматтың өтініші;

2) кандидатураны (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;

3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

2022 жылдың 3 қаңтарға дейін құжаттар келесі мекен жай бойынша қабылданады:

БҚО Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі,8; 302- каб., тел.:87113431122.

 

 

Нысан

 

Кімге _____________________
(республикалық деңгейде
мемлекеттік органның атауы
немесе жергілікті
өкілді органның атауы)
__________________________
тұратын
(елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен_________________
__________________________
(өтініш берушінің аты, жөні,тегі
(бар болған жағдайда),
жеке куәлік № ____,
берілді (қашан, кім))

Өтініш

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

Мен осы өтініш арқылы "Қоғамдықкеңестертуралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

Мынадай құжаттарды қоса беремін:

1) ________________________________________________________

2) ________________________________________________________

3) ________________________________________________________

4) ________________________________________________________

5) ________________________________________________________

6) ________________________________________________________

7) ________________________________________________________

20___ жылғы "____"             Өтініш берушінің қолы ___________