Сырым аудандық мәслихатының

2021 жылғы 6 айында атқарған жұмыстары туралы

 

Мәслихат халық сайлайтын, халықтың еркін білдеретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілеп, олардың жүзеге асырылуын қадағалайтын жергілікті өкілді орган.

Биылғы жылдың 10 қаңтарында өткен Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттарының сайлауы еліміз үшін маңызды саяси қадам болды. Осы додаға саяси партиялар еліміздегі демократияны, қоғамдық ықпалдастықты нығайту мен даму барысына бағытталған тың бағдарламаларын ұсынуы, жаңа кезең алдында тұрған еліміз үшін тың серпін берді. Сондықтан халық қалаулысы үшін- халық мүддесін қорғау, сенім үдесінен шыға білу өте жауапты да сауапты іс.

Бұл ретте Сырым аудандық мәслихатының 7ші шақырылымындағы депутаттар корпусына беделді, елге сыйлы, қоғам мүддесіне жаны ашитын азаматтар топтасқанын айта кету керек. Олардың сапалық құрамына тоқталсақ, 8 ер, 3 әйелдер, 6 жоғары білімі, 4 арнаулы орта, 1 орта білімді, 9 «Nur Otan» партиясының, 2 «Ақ жол» партиясының мүшесі болса, 5і екіден жоғары шақырылымдардың депутаттары.

 

Аудандық мәслихаттың сессиялары

Мәслихат қызметінің негізгі нысаны – сессия болып табылады.  Елдегі карантин жағдайына байланысты сессиялардың басым көпшілігі онлайн, ZOOM форматында, тек 1 және 6 сессиялары  санитарлық талаптарды сақтау отырып оффлайн өткізілді.

Сессияларда талқыланған негізгі мәселелер:

2021-2025 жылдарға арналған Сырым ауданының аумағын дамыту бағдарламасын бекіту туралы.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ауданда орындалуы туралы.

         Аудандық мәслихат хатшысының есебі.

         Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптарына сәйкес жер қатынастары жұмыстарының ауданда орындалуы туралы.

         2020 жылға арналған аудандық, ауылдық округтерінің бюджетін орындалу есебі туралы.

         2020 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының есебін бекіту туралы.

  • Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2020 жылы және 2021 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы;
  • Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің спорт саласын дамыту бойынша атқарған жұмыстары туралы.

  Осы уақыт ішінде, аудандық мәслихаттың қарауына мәслихаттың жылдық жоспарынан тыс, мәселенің өзектілігі мен уақыт талабына байланысты халықтың сұранысына қарай кейбір мәселелер кезектен тыс мәслихат сессиясы қарауына шұғыл түрде шығарылып, дер кезінде тиісті органдарға ұсыныстар берілуде. Мысалы, ағымдағы жылдың 27 мамырында өткен мәслихаттың 6шы кезекті сессиясының күн тәртібіне Қазан қаласында болған оқиғаға байланысты аудандық білім беру ұйымдары мен балабақшаларының қауіпсіздігі туралы мәселе енгізіліп, ұсыныстар мен ескертпелер берілді.

 

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары

2021 жылдың 6 айында Әлеуметтік  және  құқықтық мәселелер жөніндегі  тұрақты комиссиясында, оның ішінде негізгі мәселелер:

- Аудандық білім беру бөлімінің мектепке дейінгі балалар мекемелерінде есепке алу және орындарды бөлу туралы жұмысы туралы.

- Халықты әлеуметтік қорғау бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есебі.

 

Ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясында  

- Азаматтарға және заңды тұлғаларға жер учаскелерін беру, жер қорына түгендеу жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы туралы.

- Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптарына сәйкес,  жер қатынастары  жұмыстарының барысы туралы аудандық жер қатынастары бөлімінің есебі.

  • Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы;

 

Экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  жөніндегі тұрақты комиссиясында

- Аудан тұрғындарын газбен қамтамасыз етудің барысы туралы,

  • Аудандағы әлеуметтік маңызы бар нысандардың қысқы маусымға дайындық  жұмыстарының барысы туралы;
  • Ауданда тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж азаматтарды есепке алу және тұрғын үйлерді бөлу тәртібін ұйымдастыру жөнінде жұмысы туралы ... т.б мәселелер қаралды.

 

Қоғамдық қабылдаулар, аманаттармен жұмыс

Аудандық мәслихат депутаттары бекітілген кестеге сәйкес қоғамдық қабылдауларда азаматтарды жеке мәселелермен қабылдап келеді. Ағымдағы жылдың 6 ай ішінде депутаттар 54 жеке қабылдаулар өткізіп, 98 азаматты жеке мәселелермен қабылдады.  Осы кезге дейін менің жеке қабылдауымда 21 адам болды, оларды саралап қарасақ негізінен тұрақты жұмыс, несие алу, жәрдем ақы алу, т.б.... өтініштерімен келеді. Барлық қабылданушыларға өтініштеріне байланысты қолданыстағы заңнамалар аясында толықтай түсініктер берілді.  

Сырым аудандық мәслихаты әлеуметтік жауапкершілікті сезіне отырып, қиын кезеңде халықтың ұсынысына қолдау көрсетіп келеді. Аудандық мәслихат депутаттары туған еліне деген перзенттік парызын адал өткеріп жүрген жомарт жандар қатарынан әрдайым көрінуде. Депутаттар мұқтаж жандарға азық-түлік, киім-кешектен бастап, баспана алып беруге мұрындық болуда. Мысалы, аудандық мәслихат депутаты «Сырым елі» газетінің редакторы Б.Мустафиевтің бастамашылдығымен «Айшаның тағдыры алаңдатады» атты мақаласында «гиршпрунг» дертіне шалдыққан бүлдіршін жайлы мақаласы жарық көріп, нәтижесінде Мәскеу қаласындағы «Морозовское ДГКБ» клиникасында ота жасалып келді.

  Аудандық мәслихат депутаты Е.Байдашевқа Көздіғара ауылының тұрғыны көп балалы жалғызбасты ана Жолдасбаева Гүлбану қабылдауға келіп 150 мың теңге көлемінде төленбей қалған несиесін өтеп беруге көмек сұраған. Жалғызбасты ананың жағдайын шешу үшін аудандық мәслихат депутаты Е.Байдашев демеуші болып, 100 мың теңге көлемінде қаржылай көмектесіп, қалған соманы ауыл тұрғындары мен жұмыстастары жинақтап, несиесін өтеп берді.Сонымен қатар Шағырлой ауылының аз қамтылған отбасы Сағидолла Дарынға Сарой ауылдық округі әкімдігімен бірлесіп Орал қаласының тұрғыны Шайхиевтер әулетінің демеушілігімен көгілдір отын кіргізіп берді.

Қазіргі уақытта отбасындағы қиындықтар мен әлеуметтік жағдайдың төмендігі салдарынан көптеген әйелдердің психологиялық, эмоционалдық шаршаңқы көңіл-күйлерін байқауға болады. Осы ретте Сырым ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссия төрайымы ретінде, менің ұсынысыммен ауданымыздағы әйел-аналар мен көп балалы отбасылардың құқықтық сауаттылығын көтеру, оларды әлеуметтік қолдау бағытында ауылдық округтердегі елді мекендерге шығып жеке қабылдаулар жүргізіп, айтылған ұсыныс пікірлерімен жұмыстанудамын.

Сайлауалды үгіт насихат жұмыстары кезінде Жымпиты ауылының тұрғыны мүгедек баласы бар, 3 баланың анасы Мерц Света отбасы жағдайы заңды түрде ажырасқанын айта келіп, тұрғын үйден көмек сұрады. Аудан әкімдігінің қолдауымен ол азаматшағы Өлеңті ауылы Бердалиев көшесінде орналасқан жатақанадан орын берілді. Кешегі ауданымызда бой көтерген жаңа мешіттің ашылу салтанатында мешіттің қайырылымдық қорынан жеке баспанамен қамтамасыз етілді.

Махметова Даурия көп балалы ана, 3 баласы бар 4 баласына жүкті екенін, пәтер жалдап жүргенін, тұрғын үй сұрап қабылдауға келген болатын. Аудан әкімдігінің қолдауымен Қолғанатов көшесіндегі жатаханадан орын берілді.

Бұлдырты ауылдық округінің тұрғыны Қапанов Қуаныш отбасында 18 жылдан бері психо-неврологиялық ауруымен ауратын інісі Қапанов Қуандықтың облыстық психикалық ауруханаға жатқызу, мүгедектілік тағайындау, неврологиялық-психикалық орталыққа орналастыру туралы, сонымен қатар бұл азаматтың ауыл тұрғындарына қауіп төндіретінін, отбасында жан-жал шығарып, әйелін ұрып қабырғасын сындырып тастағанын айтып, шағымданған болатын, сол себепті облыстық психикалық ауруханаға жатқызып, мүгедектік тағайындалып, психо-неврологиялық орталыққа 5 наурыз күні тапсырылды.

Жосалы ауылдық округінің тұрғындары, мүгедек бағып отырған кейуана Жұмажанова Ұлпаш мен А.Злаханованың отбасыларының әлеуметтік жағдайларын айта келіп, тұрғын үйлерін көгілдір газге қосып беруге көмек сұрады. Аудан кәсіпкерлерінің көмегімен наурыз айында газға қосылып, шарапатын көріп отыр.

Түзету орнынан босап келген Муканова Акерке атты азаматшаға өз кәсібін бастау үшін қайтарымсыз грант алынып берілді.

Жымпиты ауылы Амангелді көшесінің тұрғыны Абатов Самат атты азаматтың үйіне Түркіменстан Республикасынан 84 жастағы апасы аурулығына байланысты 2019 жылы көшіп келген. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ыхтияр хатты алу үшін 1,5 жарымнан бері бірнеше мәрте тиісті құзырлы органдарға хат жолдаған. Бәрі де нәтижесіз боп, шыдамы таусылып шаршаған ана аудандық НурОтан партиясының сайлау алды үгіт насихат кезінде жүгініп, құжат рәсімдеуді сәуір айынан бастап, Нұрсултан қаласына 2 рет іс сапармен Түркіменстан елшілігімен үлкен жұмыстар атқарылып, облыстық көші-қон полициясымен жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде 27 мамыр күні ыхтияр хат қолыма тиіп, зейнеткерлік зейнетақысын алуға құжаттар рәсімделді. Сонымен қатар 2 жылға жуық жиналып тұрған Түрікменстан Республикасында зейнетақысын аударту үшін Түрікменстан елшілігі арқылы сұраныс жіберілді. Бұл азаматша енді ҚР тегін ем-шарасын алуға, өзіне тиесілі жеңілдіктермен мүмкіндіктерді пайдаланатын болады. Ризашылығы шексіз. 2021 жылдың тамыз айында визасы бітетін мерзімі екен.

2021 жылдың 10 қаңтарда өткен Мәжіліс депутатарының және барлық деңгейдегі мәслихат депутатарының сайлау қорытындысы бойынша сайланған депутаттардың үгіт – насихат кезінде аудан халқынан түскен аманнатарды аудандық мәслихат депуттатарына бөлініп, бекітілді. Жалпы 240 аманнат түсті. Әрбір мәслихат депутатына бекітілген аманнаттар қысқа, ұзақ мерзімге бөлініп, 3 айдын ішінде соның 4 – еуі орындалып отыр.

Сонымен бірге жыл басынан бері арнайы мемлекеттік органдарға туындаған мәселелерді шешу жөніндегі 20 мәселе қамтылған депутаттық сауал жолданған болса, оның 8 облыстық деңгейдегі мекемелерге жіберілді. Сауалдарда Шымкент-Самара тас жолының Жымпиты ауылына дейінгі бөлігінің сын көтермейтіндігі, ауданға жедел жәрдем көліктерінің жетіспеушілігі, аудан көлемінде орналасқан әкімшілік ғимараттарға жөндеу өткізу, материалдық-техникалық базаларын жаңарту, т.б. өзекті мәселер көтерілді.

Биылғы 7 шақырылым депутаттарының партиялық тізіммен сайлануына байланысты, мәслихат қызметінің пәрменділігі, әр депутаттың беделі мен белсенділігі, қоғамды міндеттеріне деген жауапкершіліктерін арттыру мақсатында 12 ауылдық округтарға шартты түрде белгіленді. Аудандық мәслихаттың депутаттары тұрақты түрде өзіне белгіленген округтегі ауыл әкімдіктері, мектептер, қоғамдық ұйымдар және ақсақалдар алқасымен үнемі байланыста болып, айына 1 реттен қабылдаулар өткізіп келеді.

Сонымен қатар депутаттар сайлау алды сайлаушылармен кездесуде айтылған аманаттарымен де үнемі жұмыстанып келеді. Жалпы депутаттарға 240 аманат тапсырылған болса, қазіргі кезде 198не түсінік беріліп, 42 орындалып отыр. Олардың ішінде:

Аудандық мәслихат депутаты Б.Мустафиевке Өлеңті ауылының тұрғыны Назыкеш Тулеуовадан аманат түскен болатын. Ол туғанынан арбаға таңылғанымен, кәсіп ашуға ниетті екенін айтты. Депутат өзінің әлеуметтік желідегі өз парақшасы арқылы үндеу тастап, оған «Ақ жол» партиясы атынан мәслихат депутаты Ақеділ Нурмашев, «Өлеңті» қайырымдылық қоры атынан Батырхан Нұқиев, Сағадат Мамбетказиев пен Тарас Сарсенов өз үлестерін қосып, түрлі түсті принтер, ноутбук алынып және қаржылай көмек көрсетті.

Жеке қабылдау барысында шаруа қожалық басшыларынан көбінесе заңгерлік кеңес сұрап келетіндер көп. Аудандық депутат А.Балгалиевке Қызылағаш ауылының шаруа қожалық иесі Ергалиев Уалихан етті бағытта асыл тұқымды мал бағу үшін несие алуға, сондай-ақ Байргалиев Сабит мал суару инфрақұрылымын салуға көмек сұраған. Депутат тарапынан несие құжаттарын дайындауға көмек көрсетілсе, мал суаруға скважина қаздырылып, барлық қондырғылар орнатылып, қолданысқа берілді.

Аудандық мәслихат депутаттарымен ауыл ішілік жолдарды жөндеу, мүгедек жандарға көмек көрсету, Ауған соғысы ардагерлерінің құрмет тақтасын қайта жасақтау, тағы басқа көптеген мәселелер бойынша аманаттары оң шешімдерін табуда.

 

Аудандық мәслихат аппараты туралы

Аудандық мәслихат аппарат қызметкерлерінің саны 9 адам.  Аппарат жұмысы аудандық мәслихаттың регламентіне сәйкес атқарылады. Аудандық мәслихатқа түскен арыз–шағымдар уақытында қаралып тұрады. 2021 жылдың 6 айында мәслихат хатшысында 24 адам қабылдауда болды, 29 арыз түсіп, жауаптары уақытылы берілді.

Аудандық мәслихат аудандық «Сырым елі» газетімен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Мәслихат қызметіне байланысты ресми құжаттар жарияланып, депутаттық жұмыстар туралы мақалалар жарияланып тұрады.

Мәслихат тарапынан өтетін шараларға газеттің өкілдері тұрақты қатысады.

Осы 2021 жылдан бастап Президент Жолдауындағы мәслихаттар отырыстарын міндетті онлайн-трансляциялау тапсырмасына орай сессияларды тікелей көрсетілім жасауға жұмыстанудамыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың барша мемлекеттік құрылымдарға қойып отырған талаптарының бірі- жұртшылықпен байланыстың ашықтығы. Бұл жөнінде «Сандарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында халықпен тиімді кері байланыс орнатуды ерекше атап көрсеткен болатын. Осы орайда сайлаушылармен тиімді байланыстың заманауи озық әдістерін қолдана отырып, ашықтықты қамтамасыз ету- уақыт талабы деп санаймын. Бұл ретте аудандық мәслихат депутаттары да сайлаушылармен байланыс орнатуды одан әрі жандандырып, ашықтықты қамтамасыз етуде белсенділік танытуда.

Халықпен барынша ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында депутаттардың жеке қабылдаулары және бұдан бөлек аудандық мәслихаттың ресми сайты, желідегі парақшалары арқылы еркін форматта күнделікті жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда мәслихат аппараты мен барлық депутаттардың парақшалары ашылып, сайлаушылардың ұсыныс сауалдарына дер кезінде жауап берілуде.

Сонымен қатар аудандық «Сырым елі» газетінде «Сырымдағы сұқбат», «Депутат мінбері» атты басылымдарда депутаттар А.Ойшыбаева, Е.Байдашевтар балабақша, автотұрақ, жастармен жұмыс бағытындағы өзекті мәселелер көтеріп, ойларымен бөлісті.

Сондай-ақ, осы жылы мәслихат сессияларында, тұрақты комиссия отырыстарында төмендегідей мәселелерді қарау жоспарланды:

Сессияларда:

  • Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жәйі туралы аудан әкімінің есебі;
  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының аудан бойынша орындалуы туралы аудандық білім беру бөлімінің есебі;

 

Тұрақты комиссиялардың отырыстарында:

  • Ауданда полиция учаскелік инспекторларының аудан аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі жұмыстары туралы;
  • Аудан аумағында өрт қауіпсіздік Ережесін сақтау бойынша атқарылған іс-шаралар туралы;
  • 2021-2025 жылдарға арналған Сырым ауданының аумағын дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларының орындалуы туралы;
  • Аудан көлеміндегі жол қозғалысы ережелерінің сақталуы және жол белгілерінің жай-күйі туралы;
  • Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының 2021 жылы атқарған жұмыстары туралы;

Сарой ауылдық округінде көшпелі комиссия отырысын өткізу.

 

Аудандық мәслихат депутаттары жергілікті билік органдарымен бірлесе аудан көлемінде туындаған мәселелерді уақытылы шешу, депутаттардың сайлауалды бағдарламаларын орындау, олардың депутаттық міндеттерін адал, жоғары біліктілікпен атқаруға жәрдемдесіп, аудан халқының тұрмыс деңгейін одан әрі жақсарту бағытында жұмыстана беретін болады.

 

Аудандық мәслихат хатшысы

Шынар Сайлауқызы Дуйсенгалиева