Аудандық тұрғын үй – коммуналдық

шаруашылық, жолаушылар көлігі және

автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

Айткалиев Тимур Саламатұлының

15.07.2021 жылы жылы өткен

аудандық мәслихаттың кезекті

ҮІІ сессияда жасаған баяндамасы:

 

Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2020-2021 жылдар аралығында атқарылған жұмыстары туралы

 

            Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды коммуналдық тұрғын үймен қамту

         2020 жылы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды кезекке алу үшін қызмет атқарды. Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаты бойынша 143 адам, Жетім балалар және ата анасының қамқорлығынан айырылған санаты бойынша 22 адам, Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аппатты деп танылған санаты бойынша 32 адам, Мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер санаты бойынша 85 адам, Көп балалы отбасы 30 адам тіркелген. Аудан бойынша 2020 жылға 312 мұқтаж азаматтар тіркелді.

2021 жылдың 6 айында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды кезекке алу үшін қызмет атқарды. Қазіргі таңда аудан бойынша 358 мұқтаж азаматтар тіркелген. Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаты бойынша 159 адам, Жетім балалар және ата анасының қамқорлығынан айырылған санаты бойынша 24 адам, Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аппатты деп танылған санаты бойынша 33 адам, Мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер санаты бойынша 103 адам, Көп балалы отбасы 39 адам тіркелген.

2020 жылы Тоғанас ауылынан 3,8 млн.теңгеге, Талдыбұлақ ауылынан 4 млн.теңгеге, Жымпиты ауылынан 8 млн.теңгеге, Жетікөл ауылынан 3 млн. 50 мың теңгеге, Бұлан ауылынан 3 млн. теңгеге жеке тұрғын үйлер сатып алынды.

Коммуналдық тұрғын үйлерді жекешелендіруден 2020 жылдың 12 айында 10 931 816 теңгені құрап отыр.

Сонымен қатар 2020 жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде Жымпиты ауылында үш қабатты 36 пәтерлі тұрғын үй құрылысы салынып, Жымпиты ауылы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға берілген болатын.

Санитарлық тазалық, елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру

2020 жылы көктем мезгілдерінде аудан көлеміне 1000 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Ағаш көшеттері орталық алаңдарға, саябақтарға ағаш көшеттерін егу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар ауылдық окрутерге иесіз күл қоқыстарды шығару, полигондарын жинақтау, қоршау жұмыстарын жүргізуге 12,4 млн.теңге қаржы бөлініп, мамыр, маусым, шілде айларында тиісті жұмыстар атқарылған болатын.

2021 жылы көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарының сапалы жүргізілуі мақсатында аудан көлемінде санитарлық-экологиялық айлық өткізуге аудан әкімдігінің қаулысы әзірленіп, 2 айлық сенбілік жарияланды. Айлық 10 сәуірден 29 мамыр аралығында өткізілді. Осы қаулыға сәйкес іс-шара жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңда аудан көлеміне 1774 түп ағаш көшеттері әкелініп, әкімшілік, мекеме айналасына, орталық алаңдарға, саябақтарға, мектеп ауласына отырғызылды. Соның ішінде жеміс ағаштары 823 түп. Айлық шенберінде аудан бойынша сенбілікке 1035 адам және 13 техника тартылып 81,5 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар арнайы палигонға шығарылды.

Жымпиты, Өлеңті ауылдарына «Таза ауыл» атауы жазылған қатты тұрмыстық қалдықтарды жинайтын 166 контейнер және пластик құтылар жинайтын 28 контейнер қойылды. Жымпиты ауылының қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін полигон «Ернұр» ЖШС-не сенімгерлік басқаруға берілді. Қазіргі таңда тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстарын жүргізуде.

«Ернұр» ЖШС-гі 2020 жылдың қараша айында «Бизнестің жол картасы 2020-2025» бағдарламасы бойынша пластик құтыларды престеу аппаратын алу үшін 4 млн 224 мың теңге грант ұтып алды. Пластик құтыларды престеу аппаратын (маркасы Pressmax 530) ағымдағы жылдың наурыз айында жеткізілген болатын.

Серіктестіктің теңгерімінде бір «Камаз», бір «ДТ-75» және екі жүк тиегіш техникасы болса, бес адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Серіктестіктің басты міндеті тұрғындардың үйінен, мекемелерден шығатын тұрмыстық қатты қалдықтары жинап, ауыл шетіндегі полигонға апарып төгу.

2020 жылы Жымпиты ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан аудандық бюджеттен қаржаты есебінен 3 млн 045 мың теңгеге қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін және пластик құтыларды салатын 15 жерде орналасқан контейнерлер қоршалды. Алдағы уақытта қалған контейнерлер қаржыға байланысты кезең-кезеңімен қоршалатын болады.

Газдандыру

Сырым ауданы бойынша қазіргі таңда 29 елді мекен көгілдір отынмен қамтылып отыр. Аудан бойынша қосылған үйлер саны 3041 тұрғын үй 69,6 %. Халық санымен шыққанда 98,8%.

Сонымен қатар барлық әлеуметтік нысандар көгілдір отынмен қамтылған.

Жылыту маусымына дайындық туралы

Жалпы аудан бойынша 94 әлеуметтік нысан жұмыс жасайды (газбен – 93), оның ішінде:

  • Білім саласы – 26 мекеме (газбен – 26);
  • Мәдениет саласы – 41 мекеме (газбен – 41);
  • Денсаулық сақтау саласы – 27 мекеме (газбен – 26).

        Ауыз су мәселесі

Сырым ауданы бойынша су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 196,9 шақырымды (км) құрайды (Ақбұлақ 63,2 пайыз). Халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамту 86,9% - ды құрайды. Сырым ауданында 12 ауылдық округ бар. Осы ауылдық округтерде 38 ауылдық елді мекен орналасқан. 2021 жылдың 1 қаңтарына халық саны 19950 адамды құрады. Оның ішінде 31 Ауыл (жерасты ұңғымаларынан) орталықтандырылған су құбырымен жабдықталған. Орталықтандырылған су құбырын пайдаланатын халық саны 17336 адамды құрайды, оның ішінде су құбыры бойынша үйлерге енгізілген суды пайдаланатын халық саны - 2614 адам. Таза су резервуарлары 20 бірлік, оның ішінде қолданыстағы резервуарлар 20. Су тегеурінді мұнаралар немесе арынды резервуарлар 17 бірлік, оның ішінде жарамды 17 бірлік; су таратқыш колонкалар 63 бірлік, оның ішінде қолданыстағы 63 бірлік.

2020 жылы Бұлдырты, Қазақстан, Қарағанды, Көгеріс ауылдарының ауыз су жүйесін күтіп ұстауға 6,4 млн.теңге қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылды.

        7 ауылдық елді мекен орталықтандырылмаған тәсілмен пайдаланады, оның ішінде 4 ауылдық елді мекен шахта құдығын, 2 ауылдық елді мекен құбырлы құдықты, 1 ауылдық елді мекен тасу суын пайдаланады.

        Өңірлерді дамытудың 2020 жылдарға дейінгі бағдарламасы аясында БҚО Сырым ауданы Тоғанас ауылының сумен қамту жүйесін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстарының (авт.тех. бірге) құны – 599,34 млн. теңге. Мердігер – «Сәт-Серсив» ЖШС. Техникалық қадағалау – «Жайык Экспертиза» ЖШС. Су құбырының ұзындығы – 27,531 км. Бүгінгі күнге Тоғанас және Аңқаты ауылдарының ауылішілік су құбырлары 100 пайызға салынды.

         Өңірлерді дамытудың 2020 жылдарға дейінгі бағдарламасы аясында БҚО Сырым ауданы Қосарал-Жетікөл ауылының сумен қамту жүйесін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстарының (авт.тех. бірге) құны – 316,459 млн. теңге. Мердігер – «АйТемір-Құрылыс» ЖШС. Техникалық қадағалау – «Строй-Проф» ЖШС. Су құбырының ұзындығы – 25,21 км.  Бүгінгі күнге Қосарал ауылының  ауылішілік су құбырлары 100 пайызға салынды.

2020 жылы БҚО Сырым ауданы Кеңащы жер асты су кен орнынан Жымпиты ауылына су құбыры құрылысы жұмыстары жүргізілді. Мердігер – «Мелиортаор» ЖШС. Құрылыс жұмыстарының құны – 2 127,704 млн. теңге.

2020 жылы Шағырлой, Бұлан, Жамбыл, Қособа, Жырақұдық және Алғабас, Қарағанды ауылдарының су құбырын қайта жаңарту ЖСҚ-н жасақтау жұмыстары жүргізілді. Жобалау құны – 22949,9 мың теңгені құрайды. Жобалаушы – «Инженер+» ЖШС. Алғабас, Қарағанды ауылдарының су құбырын қайта жаңартуға ЖСҚ-н жасақтау жұмыстары жүргізілді.

        Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселесі  

Аудан аумағында 196 шақырым республикалық, 132 шақырым облыстық, 296 шақырым аудандық, 134 шақырым ауылішілік жолдар бар.

 2020 жылы Бөрлі – Аксай – Жымпиты  бағытындағы 139-149 шақырым (10 км) аралығындағы жолы күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға беріледі. Мердігер «Uniserv» ЖШС. Жоба құны 1,9 млрд.теңге.

Бөрлі – Аксай – Жымпиты  бағытындағы 149-159 шақырым (10 км) аралығындағы жолға күрделі жөндеу жүргізілуде, мердігер «КазГерСтрой» ЖШС. Жоба 2020-2021 жылдарға қарастырылып, жалпы құны 2,287 млрд.теңгені құрайды. 2021 жылы пайдалануға беріледі.

2021 жылы Бөрлі – Аксай – Жымпиты  бағытындағы 68-139 шақырым (71 км) жолды қайта жанғырту үшін мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жаряланды. Жоба 2021-2023 жылдарға қарастырылып, жалпы құны 18,0 млрд теңгені құрайды.

Аудандық маңызы бар жолдардың 15 шарқырымы жөнделді (Бұлдырты, Өлеңті, Алғабас). Сонымен қатар «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Тоғанас ауылына кірме жолдың 10,6 шақырымын орташа жөндеуге 519,256 қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Жалпы қаржысы (696,352 млн.теңге). Мердігер «Айдана» ЖШС.

2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында Алғабас ауылындағы С.Датов  көшесін орташа жөндеу жұмыстарына 56,1 млн. теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары аяқталды. Мердігер «АнушҚұрылыс» ЖШС.

Жымпиты ауылындағы Қазақстан, Досмухамедов, Мендалиев, Байжанов, Жұмағалиев көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына 224,8 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуге. Ағымдағы жылы пайдалануға беріледі. Мердігер «Марасант» ЖШС.

Жымпиты ауылының Исаев (1,200 км) көшелеріне конкурс ойнатылып, мердігерлер анықталды. 2021 жылы жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Исаев көшесінің қаржысы – 125,2 млн. тенге, мердігер «Астрадор» ЖШС.

Жымпиты ауылының Есенжанов (0,270 км) көшелеріне конкурс ойнатылып, мердігерлер анықталды. 2021 жылы жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Есенжанов көшесінің қаржысы – 39,3 млн. тенге, мердігер «Ануш-Құрылыс» ЖШС.

Сонымен қатар «БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылының Ж.Молдағалиев, Б.Момышұлы, С.Жонысов, Е.Сатаев көшелері бойындағы ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу» жұмыстарын жүргізуге жобалық сметалық құжаттамасы жасақталды. Мердігер ТОО «Күмбез». ЖСҚ қаржысы 3 404 441,49 теңге.

2020 жылы жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында Самара-Шымкент республикалық тас жолына және облыстық жолға 6 жерге МАИ қызметкерінің автокөлік макеттері қойылды. Жалпы қаржысы 738 000 теңге.

2021 жылға облыстық және республикалық жолдың бойына қосымша 2 дана МАИ қызметкерінің автокөлік макеттері, 14 дана үй жануарларының және 8 дана жаяу жүргіншілер жолағының тұсына мектеп оқушысының макеттері орнатылды. Қаржысы 2,5 млн. теңге.

Жымпиты-Орал, Орал-Жымпиты бағытына «Қазақстан Елім» ЖШС-нің № 226 жолаушылар тасымалдау маршруты 2021 жылдың 10 маусым айынан бастап өз жұмысын бастады. Ал Жымпиты-Өлеңті ауылдырына ауылішілік маршрут шығаруға ниет білдіруші кәсіпкерлер жоқ болып отыр.

Баяндама аяқталды. Сұрақтарыңыз болса, жауап беруге дайынмын.