«Батыс Қазақстан облысы Сырым
ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді
дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы
С.Нурпейсовтің Сырым аудандық
мәслихатының жылдық жоспарына
сәйкес 2021 жылдың ІІІ тоқсанында
өткен (15.07.2021ж) кезекті
сессиясында жасалған баяндамасы
«Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің спорт саласын дамыту бойынша атқарылған жұмыстары туралы»
Қазіргі уақытта мемлекеттік саясаттың басым міндеттерінің бірі дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуы халықтың салауатты өмір салтын ұстану болып табылады.
Аудан бойынша спорттық инфрақұрылымдар қатары-105 құрайды. Тұрғындардын спортпен шұғылданушылар деңгейі- 39,2 пайыз құрады. Ауданы тұрғындарын спорттық инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету деңгейі - 40,5% құрайды. 2021 жылдың 1 ж.ж.-187 бұқаралық спортты шараларға 4 мыңнан астам тұрғын қамтылған. (оның ішінде онлайн-34, офлайн-153) 2021 жылдың 1 ж.ж. спорт саласын дамуына жергілікті бюджет есебінен - 32 млн 216 мың тенге қаражат жұмсалған. Аудан бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы штат бойынша қызметкерлердің жалпы саны-87 қызметкерлерді /о.і. 3 әйел адам/ құрап отыр. Жоғарғы мамандықпен-69, орта біліммен-16 және дене шынықтыру мамандығы жоқ 2 қызметкер.
Елімізде қабылданған «Өңірлерді дамыту», т.б. мемлекеттік бағдарламалар және жергілікті меценаттар арқылы ауылдық жерлердегі спорттық инфрақұрылым қатары көбеюне оң ықпал етуде. Мәселен, 2020 жылы Тоғанас, Аралтөбе ауылдарына жаңадан спорт алаңдары салынып, аудан орталығында Қайсар спорт кешені ғимараты жалпы құңы 48 млн тенге көлемінде күрделі жөндеуден өткізілсе, биылғы жылы Көгеріс, Тасқұдық елді мекендерінде жаңадан спорт алаңдары салынып, қолданысқа берілді. Қайсар спорт кешені ғимаратында үстел ойындарынан жекелей, командалық баскетбол волейбол ойындарын, сондай-ақ тренажер залы заманауи құрылғымен қамтамасыз етілуі аудан тұрғындары мен қонақтары үшін қолжетімді болды. Жергілікті жерлердегі ауыл тұрғындары, меценаттар тарапынан да «Туған жерге тағзым» жобасы аясында спорттық алаңдар салу бастамалары көтеріліп, соңғы екі жылда Қызылағаш, Қособа, Тасқұдық елді мекендерінде жаңадан спорт алаңдары мен хоккей қорапшалары салынып, халық игілігіне пайдалануға берілді.
2020 жылдың қазан-қараша айлары аралығында ауылдық жерлердегі спорттық инфрақұрылымдарға түгендеу жүргізу мақсатында жұмыс тобы құрылып, нәтижесінде ауылдық округ әкімдері, мектеп директорларының, жауапты қызметкерлерімен актілері жасақталып, тиісті ескертулер жасалды. Аудан бойынша спорттық инфрақұрылымдардың жай-күйі туралы, сондай-ақ, кейбір спорт алаңдарына тиісті жұмыстар атқарылу қажеттілігі жөнінде тиісті тапсырмалар беру туралы аудан әкіміне ұсыныс түсірілген болатын. Нәтижесінде кей ауылдық округ әкімдер тарапынан спорт алаңдарын теңгерімге алу жұмыстары жүргізілуде.
Ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында аудан орталығында Қайсар спорт клубы жанынан аптаның дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі күндері 16:00-18:00 уақыт аралығында атқа мініп үйрену, атпен шабумен шұғылдануға Өлеңті ауылындағы спорт алаңында ат спорт түрлерімен жаттығуға мүмкіндік бар. Ұлттық спорт түрлерін насихаттау мақсатында бұқаралық спорттық іс шаралар ұйымдастыруға 2021 жылдың 1 ж.ж. жергілікті бюджет есебінен 545 мың тенге қаражат қарастырылған.
Ағымдағы жыл бойына жылма-жыл мемлекеттік, кәсіби, даталы мерекелерге орай спорттық шаралар санитарлық нормалар сақтау арқылы ашық алаңда жүйелі өткізіліп келеді. 2020 жылдың желтоқсан-2021 жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында ауылдық, аудандық деңгейлерде аударыспақ, асау үйрету, тай және топтық ат жарыстары кезен-кезенімен ұйымдастырылса, биыл жылдың наурыз-сәуір аралығында қолданыстағы санитарлық талаптарды сақтау арқылы ересектер арасындағы «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің І-ші (ауылдық) және ІІ-ші (аудандық/қалалық) іріктеу кезеңдері өткізіліп, 13 түрлі салмақтағы палуандар қатысты.
Қыс мезгілінде 12 ауылдық округтің 10 округінде хоккей қорапшалары мен жасанды мұз айдындары жасақталса, Бұлдырты, Сарой ауылдық округтерінен жасанды мұз айдындары су тапшылығына байланысты жүзеге асырылмады. Осы мұз айдындарда Жетікөл, Тасқұдық, Бұлан ауылдарында допты хоккейден, қалған округтерде өзге қысқы спорт түрлерінен (шана жарысы, т.б.) жалғасын тапты.
«Қайсар» спорт клубы арқылы спорттық материалдық техника базасын жаңарту мақсатында футбол, волейбол спорт түрлерінен аудан құрама командасына бір типтік үлгідегі спорттық киімдері, медальдер және 7 ауылдық жерлерге футбол қақпасының сеткалары, футбол және баскетбол доптары, үстел теннисінің жабдықтары жергілікті бюджет есебінен 123 мың тенгеге сатып алынып, берілді.
2020-2021 жылдардағы оқу процессі жаңа бағдарламаға сәйкес мектептердің жаттығу спорттық базаларына, жергілікті мүмкіндіктерге және мұғалімнің кәсіби біліктілігіне қарай өзгертіліп, қыс мезгілінде ұлттық ойындар мектептерде өткізуге мүмкіндік жасалған. Сыныптан тыс секциялық 86 спорт үйірмеге-1112 оқушы (36%) қатысады.
Жас ұрпақты ұлттық спорт, ұлттық өнер арқылы ақыл-ойын дамыту, ұлттық рух-жігерін көтеру мақсатында жасақталған «Алтын ұрпақ» жобасы аясында 2019-2020 оқу жылынан бастап ауданның білім білім беру ұйымдарында асық ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ спорт түрлерінен оқу процестерін жүргізу қолға алынған.
Спорт түрлері бойынша (шағын футбол, баскетбол, волейбол, футбол) мектеп лигасының аудандық турнирлері жыл сайын ұйымдастырылатын алайда, пандемияға байланысты бұл бағытта спорттық шараларды өткізу тоқтатылды.
2021 жылдың 12-13 ақпан күндері қысқы спорт түрлері бойынша «Ұрпақ саулығы –ұлт саулығы!» челенджі, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына 2021 жылдың 14-15 сәуір күндері «Ұлттық ойындар алаңы» атты онлайн бейнеролик байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Үздік деп танылған Жанша Досмұхамедов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің жұмысы облыстық кезеңге жолданды.
Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 1 маусым-Балаларды қорғау күніне орайластырылып балалармен жасөспірімдер спорт мектебі мен «Қайсар» спорт клубының бірлескен түрде жасөспірімдер арасында аудан орталығындағы көше аралық шағын футболдан жас ерекшеліктеріне қарай ұйымдастырылған жарысқа 134 жасөспірімдер қатыстырылған. Елдегі эпид ахуалға байланысты мектептердегі дене шынықтыру пәндері мен мектепішілік шаралар өткізілмеді.
Өткен жылы мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажеттілігі» жөнінде тапсырылған болатын. Бұл бағытта ауылдық жерлердегі ауыл жастары арасынан тоғызқұмалақтан, шахмат, футбол секілді спорт түрлерінен спорт үйірмелері жұмыс жасауда.
Өздеріңізге мәлім, биылғы жылдан бастап ауданның балалармен жасөспірімдер спорт мектебі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қарамағына берілді. Жас спортшыларды спортқа баулитын балалармен жасөспірімдер спорт мектебінде 2020-2021 оқу жылына самбо, дзюдо, еркін күрес, футбол, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, бокс, баскетбол, волейбол, ауыр атлетика, қол күресі, гір спорты сынды 13 спорт түрінен 45 топта 531 жасөспірім спортпен шұғылданады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Токаевтың 2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында қоғам алдына жас ұрпақты тәрбиелеу, дене шынықтыру мен бұқаралық спортты, әсіресе, балалар спортын дамыту жөнінде міндеттер қойылған. Мемлекет басшысы ұлт саулығын нығайту, халықтың барлық жастағы топтарын жаппай спортқа тарту мәселесінің өзектілігін ерекше атап өтті. Cондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдар мен ерікті түрде құрылған «Syrym Runners» қоғамдық жүгіру тобының мүшелері арқылы бұқаралық спортқа аудан тұрғындары арасында кеңінен қызығушылық білдіруде. Мәселен, облыс орталығында өткен желаяқтар жарысында осы қоғамдық жүгіру топтын мүшелерінің қатысуы белсенділік танытуда.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау аясында бүгін алға қойылған мақсатты жүзеге асырудың барлық шаралары алынуда. Осы ретте халықтың дене дайындығы тестілері ұлт саулығын нығайту, бұқаралық спортты дамыту бағытындағы ықпалды шаралардың бірі болып табылады.
Спорт–денсаулық кепілі. Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. “Тәні саудың – жаны сау” демекші, спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетігіне байланысты болады.
Осыған орай, ү.ж. шілде айында ауылдық округ әкімдеріне ауыл тұрғындары мен түрлі ұйымдарының қызметкерлері арасында жазғы спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы тестілерін өткізу жөнінде ұсыныс білдіреміз. Алдағы уақытта, жоспарларымен бөлісем, өңірдегі эпидимия жағдай тұрақталған жағдайда 2021 жылы қазақтың біртуар палуаны Қажымұқан Мұнайтпасовтың 135 жылдығына арналған қазақ күресінен жас буындары мен ересектер арасында аудандық, облыстық ашық біріншілігін, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық «Ақбидай» ауыл ойындарынан ауданда тоғызқұмалақ және асық атудан, облыстық деңгейде ұлттық ойындар жамбы ату, теңге алу, тай, құнан және топтық түрлерінен ат жарыстар өткізу, тұрғындар мен мекеме қызметкерлері арасында жазғы президенттік көпсайыс, облыстық деңгейде күз мезгілінде ашық алаңда мекеме қызметкерлері арасында спартакиада секілді спорттық іс шаралар өткізу жоспарымызда.
Аудан орталығындағы спорт алаңын (стадион) жөндеуден өткізудің жобалық сметалық құжаттамасының мерзімі өтуіне байланысты одан әрі тиісті шаралар қабылдау мүмкіндік жоқ екендігін. Қолданыстағы нормаларға сай құжатқа өзгерістер енгізуге 1 млн 280 мың тенге қаражат қажеттілік етеді.
Ниет қойып тыңдағандарыңыз рақмет! Спортпен шұғылданып, өз деңсаулығымызды нығайтып, сақтық шараларымен күтім жасайық!