Сырым аудандық мәслихатының
2020 жылы атқарған жұмыстары туралы
Мәслихат халық қалауын, халықтың еркін білдеретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілеп, олардың жүзеге асырылуын қадағалайтын жергілікті өкілді орган.
Аудандық мәслихаттың сессиялары
Мәслихат қызметінің негізгі нысаны – сессия болып табылады. Сессиялар мен комиссия отырыстарына тиісті мекеме басшылары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері шақырылып отырылады. 2020 жылы елдегі карантин жағдайына байланысты сессиялардың басым көпшілігі онлайн, ZOOM форматында өткізілді.
Аудандық мәслихаттың өткен ҮІ шақырылымда 2020 жыл ішінде 14 сессиясы өтіп, онда 67 мәселе қаралды.
Сессияларда талқыланған негізгі мәселелер:
- «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ауданда орындалуы туралы»;
- «Қазақстан жастары» бағдарламасының орындалуы туралы»;
- «2019 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалу есебі туралы»;
- «2019 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы жөніндегі Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі туралы»;
- «ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жәйі туралы аудан әкімінің есебі»;
- «мүгедектерді әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы»;
- «Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ауданда орындалуы туралы»;
- «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының ауданда орындалу барысы туралы» - есептер тыңдалды;
- Жымпиты, Бұлан, Тасқұдық, Қоңыр, Тоғанас ауылдарының шекаралары (шегі) белгіленді
- 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджеттің, ауылдық округтердің бюджеттері бекітілді;
Сондай-ақ,
- 5 ауылдың – Қособа, Жырақұдық, Өлеңті, Тасқұдық, Талдыбұлақ ауылдарының оңайлатылған бас жоспарлары бекітілді.
Сессияларда жүйелі түрде қаралып, бекітілетін мәселе – аудандық, ауылдық округтардың бюджеті туралы мәселе. Аудан бюджетін, 4 деңгейлі ауылдық округтердің бюджетін қалыптастыру жұмыстары Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі талаптарына сай жүргізіліп, оны бекіту, толықтырулар мен өзгерістер жасау мәселелері 12 рет сессияда қаралды. Аудан бюджетінің 2020 жылғы кірісінің көлемі 7 млрд 842,7 млн теңгеге жоспарланған болса, 7 млрд 999 млн теңгеге орындалды.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары
2020 жылы әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы 5 отырыс өткізіп, 32 мәселе талқылады.
Оның ішінде негізгі мәселелер:
- «Аудандық электр желісін тарту мекемесінің, тұтынушыларға электр қуатын таратудағы атқарып жатқан жұмыстар туралы»,
- «Ауылдық округтердегі ауыз сумен қамту мәселесінің жай-күйі туралы».
- «Балалар қылмысының алдын алу бойынша аудандық әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы»,
- «Аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекциясының жұмысы туралы» мәселелер тыңдалды.
Ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясында
- «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы»,
- «Аудан бойынша ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы» мәселелер -қаралды.
Экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясы 9 отырыс өткізіп, онда 35 мәселе талқыланды. Негізгі қаралған мәселелер:
- «аудан аумағында «Мемлекеттік санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалауды жүзеге асыру барысы туралы»,
- «аудандағы әлеуметтік маңызы бар нысандардың қысқы маусымға дайындық жұмыстарының барысы туралы»,
- «техногендік және табиғи төтенше жағдайларды алдын алу және жою бойынша төтенше жағдайлар қызметінің жұмысы туралы»,
- «аудан бойынша «Казпошта» байланыс торабының халыққа қызмет көрсету жөніндегі жұмысы туралы»,
- «аудан бюджетінің орындалуы туралы» ... т.б мәселелер қаралды.
Қоғамдық қабылдаулар
Аудандық мәслихат депутаттары бекітілген кестеге сәйкес қоғамдық қабылдауларда азаматтарды жеке мәселелермен қабылдап келеді. 2020 жыл ішінде депутаттар 30 жеке қабылдаулар өткізіп, 33 азаматты жеке мәселелермен қабылдады. Қабылдауға келуші азаматтар негізінен тұрақты жұмыс, несие алу, көмек алу,... өтініштерімен келеді. Барлық қабылданушыларға өтініштеріне байланысты толықтай түсініктер берілді.
Ауылдық округ әкімдерін сайлау
2020 жылы Жетікөл, Елтай, Талдыбұлақ және Жымпиты ауылдық округтерінің ауылдық округ әкімдерін сайлауы өтті..
Ауылдық округ әкіміне түскен үміткерлер алдымен сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, таңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Белгіленген уақыттағы сайлау күнінде депутаттар белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады.
Сондай-ақ, аудандық мәслихат депутаттары өткен жылдың 12 тамызында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауына - дауыс беруге қатысты. Олар дауыс беру арқылы өз сайлау округындағы сайлаушыларының еркін, таңдауын жасады.
Депутаттардың демеушілік-қайырымдылық қолдау шараларына қатысуы
Мәслихат қызметінің пәрменділігі оның әр депутатының беделі мен белсенділігіне, қоғамдық міндеттеріне деген жауапкершіліктеріне тікелей байланысты. Аудандық мәслихаттың депутаттары тұрақты түрде өз сайлау округіндегі ауыл әкімдіктері, мектептер, қоғамдық ұйымдар және ақсақалдар алқасымен үнемі байланыста болады.
Депутаттарымыз аудан аумағында ұйымдастырылатын демеушілік–қайырымдылық қолдау, спорттық шараларға белсене араласып отырады. 2020 жылғы елдегі төтенше жағдайға байланысты «Біз біргеміз» акциясы аясында аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға депутаттар атынан азық түлік себеттері апарылып, табысталды. (Жосалы ауылдық округінде аз қамтылған екі отбасының тұрғын үйлеріне газ өткізілді).
Депутаттардың партиялық фракциясы
ҮІ шақырылымдағы Сырым аудандық мәслихатының 12 депутаты «Нұр Отан» партиясынан ұсынылған депутаттар болғандықтан олардың 11 аудандық мәслихаттың «Нұр Отан» партиясының фракциясына біріккен.
Фракция мүшелері және аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері өткен, 2020 жыл ішінде бірнеше нысандардың жұмысымен танысып, бақылау жасады.
Атап айтқанда,
- Қарасу мөлтекауданындағы 3 қабатты үй құрылысының жай-күйімен – 12 рет,
- Жымпиты ауылындағы Мендалиев, Қазақстан, Байжанов, Досмұхамедов, Жұмағалиев көшелеріне төселіп жатқан жол жұмыстарымен -10 рет,
- Кеңащы елді мекендегі су кен орнына Даниел нүктесінен ауыз су құбырын тарту жұмыстарымен – 9 рет барып танысты.
Бұдан бөлек, бақылау тобы мүшелері Жымпиты, Өлеңті ауылдарындағы екі жатақхана тұрғындарымен кездесіп жатақхана жағдайы мен өзекті мәселелермен танысты.
Сондай-ақ, 2020 жылы арнайы мемлекеттік органдарға сайлау округі бойынша туындаған мәселелерді шешу жөніндегі 11 мәселе қамтылған 8 депутат сауалы жолданды. Сауалдарда - Жымпиты ауылының көшелеріне көше шамдарын орнату, жаяу жүргіншілер жолын салу, Көгеріс, Көздіғара ауылдарына әмбебап спорт алаңдарын салу үшін жобалық сметалық құжаттары дайындауға қаражат бөлу, Тамды ауылдық клубына, Тамды, Көгеріс, Абай медициналық пункттеріне жөндеудің қажеттілігі туралы, А.Жұмағалиев орта мектебіне Тамды ауылынан балаларды тасымалдау үшін автобус керектігі туралы және т.б мәселелер бар.
Аудандық мәслихат аппараты
Аудандық мәслихат аппарат қызметкерлерінің саны 10 адам. Аппарат жұмысы аудандық мәслихаттың регламентіне сәйкес атқарылады. Аудандық мәслихатқа түскен арыз–шағымдар уақытында қаралып тұрады. 2020 жылы мәслихат хатшысында 15 адам қабылдауда болды, 29 арыз түсіп, жауаптары уақытылы берілді.
Аудандық мәслихат аудандық «Сырым елі» газетімен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Мәслихат қызметіне байланысты ресми құжаттар жарияланып, депутаттық жұмыстар туралы мақалалар жарияланып тұрады.
Мәслихат тарапынан өтетін шараларға газеттің өкілдері тұрақты қатысады.
Аудандық мәслихаттың веб-сайтында, фейсбук әлеуметтік парақшасында аудандық депутаттық қызметі туралы материалдар жарияланып келеді.
Осы 2021 жылдан бастап Президент Жолдауындағы мәслихаттар отырыстарын міндетті онлайн-трансляциялау тапсырмасына орай сессияларды тікелей көрсетілім жасауға жұмыстанудамыз.
Сондай-ақ, осы жылы мәслихат сессияларында, тұрақты комиссия отырыстарында төмендегідей мәселелерді қарау жоспарланды:
Сессияларда:
- Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ауданда орындалуы туралы;
- ҚР Жер кодексінің талаптарына сәйкес жер қатынастары жұмыстарының ауданда орындалуы туралы;
- Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2020 жылы және 2021 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы;
- Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің спорт саласын дамыту бойынша атқарған жұмыстары туралы;
- Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жәйі туралы аудан әкімінің есебі;
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының аудан бойынша орындалуы туралы аудандық білім беру бөлімінің есебі;
- Аудан бюджетінің орындалуы туралы.
Тұрақты комиссиялардың отырыстарында:
- Аудандық білім беру бөлімінің мектепке дейінгі балалар мекемелерінде есепке алу және орындарды бөлу туралы жұмысы туралы;
- Халықты әлеуметтік қорғау бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есебі;
- Ауданда тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж азаматтарды есепке алу және тұрғын үйлерді бөлу тәртібін ұйымдастыру жөнінде жұмысы туралы;
- Ауданда полиция учаскелік инспекторларының аудан аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі жұмыстары туралы;
- Аудан аумағында өрт қауіпсіздік Ережесін сақтау бойынша атқарылған іс-шаралар туралы;
- Аудан тұрғындарын газбен қамтамасыз етудің барысы туралы;
- Аудандағы әлеуметтік маңызы бар нысандардың қысқы маусымға дайындық жұмыстарының барысы туралы;
- 2021-2025 жылдарға арналған Сырым ауданының аумағын дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларының орындалуы туралы;
- Аудан көлеміндегі жол қозғалысы ережелерінің сақталуы және жол белгілерінің жай-күйі туралы;
- Азаматтарға және заңды тұлғаларға жер учаскелерін беру, жер қорына түгендеу жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы туралы;
- Ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту барысындағы аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің есебі;
- Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы;
- Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының 2021 жылы атқарған жұмыстары туралы.
Аудандық мәслихат депутаттары мәслихаттардың халық билігінің бастауы екендігін жете сезіне отырып, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе аудан көлемінде туындаған мәселелерді уақытылы шешу, аудан халқының тұрмыс деңгейін одан әрі жақсарту бағытында жұмыстана беретін болады.
Дүйсенғалиева Шынар Сайлауқызы,
аудандық мәслихат хатшысы