«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың
2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының
ауданда орындалуы туралы»
Сырым аудандық денсаулық сақтау саласы 2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі көрсеткіштерін орындауға жұмыстануда.
Соның ішінде 2020ж.12ай қорытындысы бойынша қол жеткізіліп отырған көрсеткіштер:
- Жалпы өлім көрсеткіші : 2019 ж. 12 айда -120(6,3), 2020ж.12 айда -149(8,0).
Былтырғы жылмен салыстырғанда 21,2%-ға көбейіп отырғанын ауданымыздағы эпидахуалға байланысты созылмалы аурулармен ауыратын, иммунитеті төмен, егде жастағы тұрғындар арасында өлім көрсеткіші өскенінен. еліміздегі эпид ахуалға байланысты. Облыстық көрсеткіш-10,1 аудандық көрсеткіш одан төмен болғандықтан көрсеткіш орындалып отыр.
- Ана өлімі көрсеткіші аудан бойынша ана өлімі тіркелген жоқ. Облыстық көрсеткіш-24,1.
- Сәби өлім көрсеткіші : 2019ж 1-3,4 болса, 2020ж. 3-8,8. Облыстық көрсеткіш-9,5. 2020ж.12 айдың қорытындысы бойынша туу көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда 14% көбейіп отырғанымен, 1 жасқа дейінгі сәби өлімі өсіп отыр. 3 бала шетінеп, көрсеткіші – 8,8 құрап былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көбейіп отырғанымен облыстық көрсеткіш 9,5 болғандықтан көрсеткіш орындалып отыр деп есептейміз.
Балалар арасындағы аурушаңдықты алдын-алу немесе азайту мақсатында жүргізілетін иммунопрофилактикалық жоспарға 2020 ж жоспарға 5112 бала алынып, оның 4883-86,6% орындалды, толықтай орындалмау себебі Гепатит А вакциналарының болмауынан және еліміздегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығынан. 0-17жас аралығындағы балаларды мақсатты профилактикалық скрининг жоспарына 5248 бала алынып, оның барлығы 100% тексеріліп, 215 баладан -4,1% ауру анықталып, сауықтырылды.
- Жүрек-қантамыр ауруларынан өлім көрсеткіші 2019ж.12 айда 34- 178,8 құраса, 2020ж. 12 айда 35-189,4 құрап, 5,5%-ға көбейіп отыр. Облыстық көрсеткіш-241,47. Соның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар –2019 ж -12-35,2% болса, 2020ж 12-34,2% бірдей деңгейде тұр.
Жүрек-қантамыр ауруларының алын-алу және уақтылы диагностика жүргізу мақсатында Коронографиялық зерттеуден–2019ж. 18 науқас өтсе, 2020ж.-38 науқасқа жүргізілді, стент -2019ж. 10 науқасқа, 2020ж. 11 науқасқа қойылды.
Аорто-коронарлық шунт –2019ж. 6 науқасқа қойылса, 2020ж. 11 науқасқа жасалды.
Электро-физиологиялық зерттеу (ЭФИ) 2 науқасқа жүргізілді.
Тропонин тест 43 науқасқа қойылды. Вэлоэргометр аппаратымен 178 зерттеу жүргізілді.
Облыстық кардиологиялық орталықта 14 науқас ем алды.
Аудандық аурухананың оңалту бөлімінде 8 науқас ем алды.
Д есепте 1462 науқас болса оларға 6422 тегін рецепт 15 348 276 т көлемінде жазылып отыр.
Артериальдық гипертензия денсаулық мектебінде 1462 қан қысымы жоғары науқастар дәріс алды.
Денсаулық сақтау министрлігінің №995 бұйрықтарына сәйкес ауруларды ерте сатысында алдын-алу мақсатында ересектерге арналған скринингтік тексеру жұмыстары жүргізіліп келеді.
Скрининг жұмыстары бойынша
Жүрек-қантамыр ауруларының (БСК) алдын-алу мақсатында жоспарға 1856 адам алынып, 1856- 100% тексеріліп, 133 адамнан ауру анықталып, сауықтырылды.
Қант диабеті ауруның ерте сатысында анықтау мақсатында жоспарға 1856 адам алынып, 1856-100% тексеріліп, 3 адамнан ауру анықталып, Д есепке алынды.
Глаукома скринингіне жоспарға 2056 адам алынып, 2056-100% тексеріліп, 10 адамнан ауру анықталып, Д есепке алынды.
- Қатерлі ісік ауруларынан өлім көрсеткіші 2019ж. 12 айда 16-84,1 құраса, 2020ж.12 айда 12-65 болып, 29%-ға азайып отыр. Облыстық көрсеткіш-92,3.
- Туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші 2019ж 12 айда 8-42,0 болса, 2020ж 12 айда 5-29,5 болып 2 есе азайып отыр. Облыстық көрсеткіш-47,1.
- Туберкулезбен өлім көрсеткіші аудан бойынша тіркелген жоқ. Флюорографиялық тексеріске 2020 жылға 7961 адам жоспарға алынып, оның 7936-99,6% орындалып отыр. Флюоротексерістен оң нәтиже бергендер 62 адам анықталып, оның 62-100% қайтадан тексерудің екінші кезеңінен өтіп 1 адамнан ауру анықталып отыр. Балалар арасындағы туберкулезбен аурушаңдық анықтау мақсатында Манту сынамасына жоспарға 933 бала алынып оның 923-98,9% сынама жасалынды. Оның ішінде 99-10,7% баладан вираж, 12-1,3% гиперергиялык реакциялар анықталды. Бұл балалардың барлығы фтизиатрдың қарауынан өтіп, қажетті емдерін қабылдады. 2020ж. 12 ай қорытындысы бойынша Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің оңалту бөліміне 6 бала, Санаторлық мектеп интернатқа 2019-2020 оқу жылдарында 26 бала жолданып, онлайн режимде оқыды. Балабақшаларда 20 бала санаторлық топқа жіберілді.
- Жарақат пен уланудан өлім көрсеткіші 2019ж 12 айда -12-63,1болса, 2020ж 12 айда -9-49,0 болып 28% азайып отыр. Облыстық көрсеткіш-74,19 .
Орындалмай отырған көрсеткіштер:
- Қатерлі ісіктен аурушаңдық көрсеткіші 2019ж.12 айда 34-178,8 құраса, 2020ж. 12 айда 27-146 болып, 22 %-ға азайып отыр. Облыстық көрсеткіш-198,22. Көрсеткішті жақсарту мақсатында қатерлі ісікке күдікті 59 адамды облыстық онкологиялық орталыққа тексеріске жіберіліп, соның ішінде 15 адамнан қатерлі ісік анықталып есепке алынды. Қалғаны 1 адам бет-жақ хирург дәрігеріне, 1 адам гастроэнтерологка, 14 адам хирургқа, 1 адам фтизиатр дәрігеріне, 4 адам эндокринологка, 1 адам невропатологка, 1дерматологка, 3 адам акушер-гинекологка қадағалауға алынса, 1 адам қаралу сатысында, 16адамнан онкологиялық ауру анықталмады. Аурушаңдықты көбейту мақсатында дәрігер онколог барлық ДА, ФАП, МП-ларды аралап, медициналық қызметкерлермен жұмыс орнында дәрістер өткізіп, науқастарды тексерістен өткізу жоспарланып, бірақ карантин жағдайына байланысты ауылдық округтерді аралау мүмкін болмады.Учаскелік дәрігерлер мен медбикелердің патронаж жұмыстарын сапалы жүргізуін қадағалау, қауіп-қатер тобындағы және ісік алды науқастрады үнемі бақылауда ұстау, дәрігерге дейінгі кабинеттер мен ерлер мен әйелдерді қарау кабинеттерінің айлық жұмысының сапасына талдау жасау және жұмысқа қабілетті жастағы адамдардың толық тексерістен өтуін қадағалау.Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
- Қатерлі ісік ауруларын ерте анықтау (0-1сатысында) 2019жылы 12айда 4-11,7% науқас анықталса, 2020 жылы 12 айда 3-11,1% науқас анықталып, 5,4 %-ға азайып отыр. Аурудың ерте сатысында анықталу көрсеткішін көтеру мақсатында барлық участокта дәрігерге дейінгі кабинеттер тексерісті сапалы өткізуге жұмыстануда және бұл тексерістің өткізілуі тікелей аурухана басшылығының назарында.
- Тоқ ішек және тік ішек қатерлі ісіктері бар науқастардың 5 жылдан артық өмір сүру көрсеткіші 2019 жылы 12 айда 8 науқас есепте соның 5 жылдан жоғары өмір сүріп келе жатқан-3-37,5% болса, 2020жылы 12 айда 7 науқас есепте соның 5 жылдан жоғары өмір сүріп келе жатқан-2-28,5% болып, 30% азайып отыр.Облыстық көрсеткіш -52,6. Көрсеткішті орындау үшін Д есептегі онкологиялық науқастарды қосымша диагноздарымен емдеу мақсатында аудандық аурухана деңгейінде симптоматикалық ем алғандар саны -81 Үйдегі стационар.-9
Күндізгі стационар - 26
Тәуліктік стационар – 46
Қосымша аурулары бар онкологиялық есепте тұратын науқастардың
облыстық, аудандық деңгейде сауықтырылуын үнемі қадағалау.
Қатерлі ісіктердің алдын-алуға арналған скринингтік тексеріс бойынша:
Жатыр мойнының қатерлі ісігін алдын-алу мақсатында жоспарға 940 адам алынып, 940-100% тексеріліп, 2 адамнан әртүрлі дәрежедегі ауру анықталып, сауықтырылды.
Сүт безінің қатерлі ісігін алдын-алу мақсатында жоспарға 1112 адам алынып, 1112-100% маммографиялық тексеруден өтіп,1әйелден сүт безі қатерлі ісігі анықталып, Д есепке алынып, қадағалануда.
Тоқ ішек және тік ішектің қатерлі ісігін алдын-алу мақсатында жоспарға 1373 адам алынып, 1120- 81% тексеріліп, 6 адамнан ауытқушылықтар анықталып,қосымша тексерістен өткізілді.
2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында 2021 жылға келесідей мақсаттар қойылды:
- Халықтың денсаулығын сақтауда, аурудың алдын-алу мақсатында «Салауатты өмір салтын насихаттау және жүргізу» сонымен қатар халықты өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін арттыру және ақпараттық-түсінік жұмыстарын жүргізу;
- Денсаулық сақтау саласының мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін мемлекеттік құрылымдардың ведомствоаралық жұмысын жандандыру;
- Дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің дәрежелік санатын көтеріп, сапалы қызмет көрсету үшін практикалық дағдыларға үйретіп отыру;
- Кадрлармен қамту және оларды тұрақтандыру бағытында жұмыстану;
- Денсаулық сақтау саласының материальдық-техникалық базасын нығайту;
- Барлық аудандық аурухана, ДА, ФАП, МП-дің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту;
Ұсыныстар:
- Қазіргі таңда аудандық аурухана аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсету, науқастарды немесе науқастардың анализін тасымалдау мақсатында 2 жедел жәрдем көлігіне мұқтаж болып отыр.
- Аурухана ғимараты,күндізгі емдеу бөлімі ғимараты, асхана бөлімі, гараж, кір жуу бөлімі ғимараты, Бұлан ФАП, Көгеріс МП ғимаратының күрделі жөндеу қажет етуіне байланысты жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, осы жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарлануда.
- Жаңаөңір МП ғимаратына газ жүргізу жұмыстары жоспарлануда. Осы аталған мәселелердің шешілуіне ықпал етуіңізді сұраймын.
Сырым аудандық аурухана директоры
Тахамбетова Роза Құттықожақызы