Қапиет Ғинаятұлы 03.07.1953 жылы туған, қазақ, білімі жоғары. 1978 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген, мамандығы санитарлық дәрігер, эпидемиолог.Санитарлық дәрігер, мемлекеттік бас санитарлық дәрігері, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында санитарлық дәрігер, бас дәрігер, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.2004 жылдан Сырым аудандық Мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі, жоғары санатты дәрігер, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес кеңесінің төрағасы.ІІ шақырылған Сырым аудандық мәслихатының депутаты.