Асхат Габдилгазезұлы Дуйсенгалиев 14.01.1965 жылы туған, қазақ, білімі жоғары. 1988 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтының бітірген, мамандығы хирург.Орталық аурухананың хирургиялық бөлімінде дәрігер-хирург, меңгеруші, аумақтық медициналық бірлестігінде бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, аудандық денсаулық сақтау бөлімінің кеңес беруші диагностикалық емханасының директоры, хирургия бөлімінің меңгерушісі, «Сырым аудандық аумақтық медициналық бірлестігі» ММ-нің директоры қызметтерін атқарған.2007 жылдан қайта құрылған «Сырым аудандық орталық ауруханасы» МКҚК-ның директоры. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының үздігі.ІІІ, IV, V шақырылған Сырым аудандық мәслихатының депутаты.