Кеше, 9 қазан 2017 жыл, Сырым аудандық мәслихатының кезектен тыс XIX сессиясы болып өтті.
Сессияға аудандық мәслихаттың 12 депутаты, облыстық мәслихаттың депутаты Ғ:Нұрмұханов, аудан әкімі Т.Төреғалиев, аудан әкімі аппаратының басшысы, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Сессияға №6 Сарой сайлау округінен депутат Д.Тайшиев төрағалық етті.
Сессияда төмендегі мәселелер қаралды:
1.Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №9-2 (2017- 2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2.Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №16-8 «сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешімініе өзгерістер енгізу туралы.
3.Сырым ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған іс – шара жоспарын бекіту туралы.
4.Округтік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін міндеттерінен босату туралы;
5.Учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін міндеттерінен босату туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарламашылар тыңдалды, шешім жобалары қабылданды.
Сессия соңында аудан әкімі Т. Төреғалиев күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша түсініктер беріп, аудан бойынша атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталды.